• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 03:15:17
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

07 Ақпан, 2019 NEWS

Министр былтыр жапқан 10 жылдық ипотекасы туралы: Психологиялық тұрғыдан қатты шаршайсың

Былтыр мен 10 жылдық ипотеканы толық төледім.

Тимур Сүлейменов былтыр 10 жылдық ипотекасын қалай жапқанын және оны жабудың оңай шаруа емес екенін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен жаспын. Былтыр мен 10 жылдық ипотеканы толық төледім. Ипотеканы 2008 жылы алдым және бұл өте қиын. Мен жастарға ипотека алмас бұрын өз мүмкіндіктерін нақты есептеп алыңдар деп кеңес беремін. Біріншіден сен біреуге тәуелді болып қаласың. Орта жолда психологиялық тұрғыдан сен қатты шаршайсың. Себебі әр ай сайынғы жалақыңның жартысынан көбін ипотекаға құюың керек болады. Сол себепті жалдамалы пәтерге де басқаша көзқараспен қараған жөн. Өйткені, сенің жұмысыңа байланысты бір күні Атырауда, бірде Павлодар немесе Алматы қаласында болуың мүмкін", дейді министр. 

Сондай-ақ министр тұрғын үйдің бағасымен қатар сапасына да көңіл бөлген дұрыс деп есептейді. 

"Үйдің сапалы салынғанына қарау керек, дыбыс өткізбейтін болуы тиіс. Сол себепті баспана алғанда тек ипотека бағасына қарамау керек", дейді Сүлейменов. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір