• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:10:42
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

Мақтаарал ауданындағы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жаңадан құрылған ауданда кәсіпкерлерге жағдай жасап, оны өркендету ең басты міндет болғандықтан, жаңа директор бұл жолда белсенді еңбек ету керектігін аудан...

Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалының жаңадан тағайындалған директоры Әбдіразақова Нұргүл Пердебайқызын палата ұжымы мен аудан кәсіпкерлеріне таныстырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 

Жаңадан құрылған ауданда кәсіпкерлерге жағдай жасап, оны өркендету ең басты міндет болғандықтан, жаңа директор бұл жолда белсенді еңбек ету керектігін аудан әкімінің орынбасары атап өтті.

Атамекен

«Кез келген ауданның, аймақтың, тіпті тұтас мемлекеттік экономикалық әл-ауқатын көтеретін – ол кәсіпкерлік саласы. Жаңадан құрылған ауданда кәсіпкерлік саласын дамыту үшін аудан әкімі Б.Асановтың бастамасымен көптеген сауда орталықтары мен нысандар құрылғалы отыр. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, оларға бағыт-бағдар беріп отыру – палатаның басты міндеті болғандықтан, бұл жолда жаңа басшы белсенді еңбек ете білуі керек. Сондықтан, жаңа бастаған қызметіңіз жемісті болсын деп тілеймін!» - деді С.Сұлтанханов.

Атамекен

Н.Әбдіразақова 1986 жылы Өзбекстан Республикасының Гагарин қаласында туылған. 2008 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.

Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мақтаарал аудандық филиалында менеджер-кеңесші қызметін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір