• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:04:37
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

Енді поляктардың өз "Абайы" бар

Жастар жылы аясында С. Аманжоловатындағы ШҚМУ-дың Жастар орталығын ашу идеясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

 Польшаның Свече қаласында Лингвистикалық-технологиялық университетте Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті делегациясы жастарға арналған «Абай» мәдени-білім беру орталығының ашылуына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жастар жылы аясында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жастар орталығын ашу идеясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстаноблысы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы тарапынан қолдау тапты.

 Орталықты ашудағы басты мақсат - әлемге қазақстандық мәдениеттің жетістіктері туралы білімдерді таныту болып табылады, – деп, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор МұхтарТөлеген өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі әлемдегі дамыған барлық елдер де мәдениет саласындағы саясаттың бірі - отандастарымыздың жетістіктерін насихаттау, Қазақстанның ребрендингімен айналысуы, басқа  елдердегі оның имиджін көтеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Шығысқазақстандық университетте Абайтанудың бай дәстүрі мен Қазақстанға танымал ғалым Айжан Қартаеваның ғылыми мектебі бар, Абай ақынның ойларына арналған абайтану бойынша конференциялар ұйымдастырылуда, монографиялар мен ғылыми мақалалар жариялануда.

Сонымен қатар, орталықта Польша университетімен қол қойылған келісімде екі дипломдық білім беру, оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуы, біліктілікті жоғарылату мүмкіндіктері, ғылыми тағылымдамалар, екі университеттің ғалымдары бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.

Поляк университетінде орталықты ашу үшін ғимарат бөлінді, оның көркемделуі үшін Қазақстан туралы поляк, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде кітаптар берілді. Сонымен қатар қазақстандық делегация орталықты мәдени құндылығы бар алғашқы жәдігерлермен, яғни, павлодарлық мүсінші Дәурен Дошановтың «Абай» мүсіні мен суретші Әлібек Шоқановтың «Абай» атты суреттерімен толықтырылды.

Серіктес университеттің ректоры Эльжбетта Штернальға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры МұхтарТөлеген «Абай» атындағы медальды табыс етті.

Поляк серіктестердің жауапты қадамы ретінде Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында атақты поляк ғалымы, әлемге әйгілі астроном Николай Коперниктың атына ғылыми-білім беру орталығы ашылады.

Ұсынған:Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір