• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:01:55
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019

Америкадағы The World's Best шоуында Димаш жаңа атаққа ие болды

Егер мен көзімді жұмсам, кемінде 8-9 адам ән салып жатыр деп ойлаған болар едім.

Димаш Құдайбергенге шетелдіктер "алты октавалы адам" деген атақ берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі etonline.com сайтының дерегін негізге алып. Димаш The World's Best шоуында америкалықтарды ғажайып даусымен таңғалдырып, жоғары ұпайға ие болды.

"Мен 20 жыл бойы музыкамен айналысамын. Есейген кезімде менің даусым төмендеді, бірақ жоғары даусым да өзімде қалды. Сондай-ақ қазір менің вокалдық дауыс көлемім өте кең", деді Димаш.

Әнші осыған дейін бірнеше сайыстарда бақ сынап, үлкен сахналарда өнер көрсеткенімен америкалық аудиторияның алдында қобалжығанын жасырмады. Бірақ оның өнеріне тамсанған америкалық төрешілер мақтауды қарша боратты. 

"Егер мен көзімді жұмсам, кемінде 8-9 адам ән салып жатыр деп ойлаған болар едім. Бір мезетте сен Queen-сің, ал келесі мезетте сен - Паваротти, сонда қалайша мұның бәрі бір адамнан шығып жатыр деп ойлаймын?", деді Дрю Берримор. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір