• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:36:33
Алматы
+8°

08 Ақпан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Басқаны қайдам, өз басым шенеуніктердің арсыз өтіріктеріне тойып кеттім...
Жақында кезекті бір аңызға көзім түсті: «Үш жылдан бері тұрғындардың нақты кірісі азайып барады...» – депті...
Қайдағы үш жыл? Отыз жыл болды ғой: қымбатшылықтың аспанға үздіксіз шапшып жатқанына...
Әрине, миллиондап-миллиардтап, теңгелеп-динарлап, долларлап-евролап, пұлдап-фунттап ұрлаған ірі ұры-қары, әкім-қарарларды есепке алмағанда... Дәп сол барымташылардың нақты кірістері тоқтаусыз, тежеусіз өсіп жатыр...
Ал, қарапайым халық қара су мен қара шәмбіге таңылып отыр...
Десе де, Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан азаматтарының орташа жалақысы 168 220 теңге болды» – деп мәлімдепті, «беттері» былш етпей...
Қалай есептеп, қаншама қисапқа салсаң да, қып-қызыл өтірік!

Өйткені, бізде мысалы, балабақшалар мен медициналық мекемелерде және жекеменшік секторда 18-20 мың теңгелік жұмыстар да бар... Сонымен қатар, 10 миллион теңгеден де асатын жалақылар да бар...
Сонда бұл өтіріктен кімге пайда? Кім ұтады?..
Әрине, мемлекет басшылары мен имансыз байлар екі аттап, ұтысқа шығады...

Соңғы жылдары атқамінерлер мың ертегісінің біреуін брендке айналдарып алды. Андерсон-Қарағұсова Гүлжанның министр лауазымы кезіндегі мұрасы, бұл. Ертегінің аты – «Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ету» деп аталады. Кезінде ауыл қазақтарының қораларындағы қораздарды түгендеп, жұмыртқаларды санаған министр-«сказочник» Андерсон-Қарағұсова ««Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуші» қазақстандықтар жалпы халықтың 25 пайызын құрайды» – деп соқты...
Андерсон-Қарағұсова апайға «зор алғыс»! Көпіріп, түкірік шашқан ауызымен әр қазақтың шаңырағын «жарылқап», «байытып» жіберген...

Қазақ билігінің парадоксы мынау:
1. Мұнайдың әлемдік бағасы өседі – Қазақстанда жанар-жағар май мен барлық тауарлардың бағалары және АҚШ долларының бағамы өседі.
2. Мұнайдың әлемдік бағасы түседі – Қазақстанда жанар-жағар май мен барлық тауарлардың бағалары және АҚШ долларының бағамы өседі.
3. Қазақстанда «зейнетақы көлеміне болмашы ғана тиын-тебен қосылады» деген ақпарат тарай салысымен, инфляция аспандап өсіп, «ұстатпай» кетеді.

Қысқасы, қазіргі қазақтың күйі: «Бұл жалғанда – шәйға жетсе, ақыретте – май да жерміз...» – деген дәменің дәп өзі. «Үп» етіп, үміт үзіліп кетпесе екен дейміз...

Қажымұқан Ғабдолла

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір