• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:13:45
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

08 Ақпан, 2019 Тәлім мен тәрбие

«Менің бай таныстарым көп. Бірақ бәрібір кедеймін»

«Бай адам қандай адам?» деп сұрағанда: «Өз-өзіне көңілі тоқ адам» - деп жауап беріпті.

Эпиктет (50-138 ж. ш.) - Рим стоицизмінің (грек философиялық мектебі-ред) өкілі, шыққан тегі - құл. Оның ілімін ежелгі грек тарихшысы Арриан жазып алған, бізге жеткені оның - "Эпиктеттің пайымдаулары" және басқа да шығармалары.  (дереккөз: Уикипедия)

Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына ойлы адамға ой тастар Эпиктеттің біраз даналық сөздерін ұсынады.

***

 «Біреумен сөз таластыру – аса жағымсыз жайт. Ол бір ішкім мас адаммен  әңгімелесу сияқты. Айтқаныңа не масты көндіре алмайсың, сау болғандықтан не өзің мастың айтқанына көнбейсің».

***

«Біреумен әңгімелесе қалсаң, мына үш көзқарасты ұстан: ақыл жағынан ол сенен артық па, тең бе, төмен бе? Егер ол сенен ақылдырақ болса, онда айтқандарын тыңда. Егер ол ақымақтау болса, оған өзің ақыл айт. Егер ол сенімен тең болса, оны құптай отырып, әңгімелес. Егер осы үш нәрсені есіңде ұстасаң, ешкіммен дауласпауға өзіңді үйретесің».

***

«Істеуге тыйым салынған нәрсені ойша істеуден аулақ бол!»

***

«Не қаласаң, соны істейтін адамды «құл» деуге келмейді».

***

«Туған жеріңнің ғимараттарын емес, азаматтарын биіктетсең – cол сенің ең үлкен жақсылығың. Биік үйлерде ойы аласа адамдар өмір сүргенше, аласа үйлерде адамгершілігі биік тұлғалардың өмір сүргені әлдеқайда артық».

***

«Сенің ісің – саған берілген міндетті жақсы орындау ғана, ал саған берілген міндетті таңдап беру – басқаның ісі».

***

«Жақсы сөйлей білу өнер болса, сонымен қатар, құлақ қойып жақсы тыңдай білу де – өнер».

***

Театрда бір жас жігіт: «Мен өте ақылдымын, өйткені, көптеген философтармен әңгімелескенмін» - деп мақтаныпты. Сонда Эпиктет оған: «Менің де бай таныстарым көп. Бірақ бәрібір кедеймін» - деген  екен.

***

Эпиктеттен «Бай адам қандай адам?» деп сұрағанда: «Өз-өзіне көңілі тоқ адам» - деп жауап беріпті.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір