• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:37:27
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

Семейде тағы бір адам өрттің құрбаны болды

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер 70-ке жуық адамды мекемеден шығарып үлгерген

Семейде жұма күні бес қабатты жатақханадан өрт шығып, соның салдарынан бір адам қаза болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер тұрғындарды жатақ орнынан  шығарып үлгерген, өртті сөндіру үшін 2 сағаттай уақыт кетіпті.

ҚР ІІМ-нің ТЖК мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне түнгі 01:45 шамасында келіп түскен. Өрт сөндірушілер жатақханадан 79 адамды шығарған, оның 20-сы кішкентай балалар екен.

Өрт

«Автобаспалдақтардың көмегімен 19 адам құтқарылды, оның екеуі кішкентай балалар. Эвакуацияланған адамдардың барлығы №35 мектепке орналастырылды. Өрт болған жерден бір ер адамның мәйіті табылды. Өрт түнгі сағат 03:27 шамасында толықтай сөндірілді», - дейді ТЖК баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғанындай, өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 8 өрт сөндіруге арналған техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің не себептен шыққаны анықталып жатыр.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір