• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 12:16:02
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

08 Ақпан, 2019 Әлеумет

Отбасын жалғыз өзі асырап жүрген 13 жастағы Ағабек үйлі болды

Анасына "неге жағдайымыз жоқ?" деп арызданудың орнына, өзі жағдай жасап жүрген Ағабектің тағдырына қазақстандықтар бей-жай қараған жоқ.

«Бұл – Шымкент. Оқиға бірнеше күн бұрын болды. Забадам жаққа бара жатқанмын, жолдан 12,13 жастар шамасындағы айғайлап тұрған баланы көзім шалды. Үсті-басы балшық еді, құлап қалды немесе үйіне жете алмай, такси тоқтатып тұрған болар деген түрлі ойға шомдым. Иә, расында, бала такси тоқтатып тұр екен. Бірақ үйіне емес...», - деп басталған Instagram желісіндегі жазба мені елең еткізді. Қандай бала екенін білгім келді де одан әрі оқи бердім. Белгісіз автордың әрі қарай баяндаған оқиғасы былай болды:

«Бірақ үйіне емес, шошқа зауытының маңынан жинап алған жарамсыз темір-тосақты өткізу үшін такси тоқтатып тұр. Әрі қарай екеуміз жалғастырып, заттарды 1500 теңгеге өткіздік. Балақай әлгі ақшаға үйіне азық-түлік алмақшы екен. Үйіне мен де еріп бардым. Аяқ киімін шешкенде, аң-таң күй кештім. Сырттай маған күздік етік болып көрінген аяқ киім шын мәнісінде балшықтанып қалған шұлықтың сыртынан киілген сандали екен. Аяғын басқан кірден оның жұқа аяқ киім екенін тіпті байқамаған екенмін. Дәл сол сандалимен ол суықта 7-8 сағат жүреді. Есіктен кіре бергенімізде алдымыздан жұпыны әрі жұқа киініп алған 6,5,4,3 жастар шамасындағы 4 қыз атып шықты. Бәрі қарындастары. Анасымен сөйлесіп, баланың жасы 13-те екенін білдім. Түске дейін сабақта болады, мектептен шыққан соң кешкі 19.00-20.00-ге дейін металл жинап, ақша табады, үйге азық-түлік алады. Отбасының асыраушысы. Анасының әңгімесін тыңдаған мен баланың нөмірін алдым да, үйден шығып кеттім», - деп жазды әлгі автор.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

А это уже Шымкент . Несколько дней назад . - Я ехал со стороны Забадама , когда увидел голосовавшего парнишку лет 12-13 на трассе . Он был весь в грязи и я подумал что , что -то случилось , возможно он упал и не может доехать домой и ловит такси . Да , оказалось , действительно , он ловил такси , но для того чтобы сдать чермет , который собрал на территории Свинцового завода . Поехали сдали металл в приемный пункт за 1500т . Он рассказал что на эти деньги он должен купить продукты домой . Я поехал вместе с ним к нему домой . Когда он снял обувь , я был шоке . Так как до этого я думал что у него на ногах ботинки черного цвета , но в грязи . Оказалось , у него на ногах сетчатые сандали надетые на носки. И грязь настолько вь‘елась в эти сетки , что со стороны казались как ботинки , на самом деле на ногах мальчика это были огромные куски черной , мокрой земли . И так в этих сандалях он проходил примерно 7-8 часов в такую грязь и холод .Дома нас встретили 4 девочек в возрасте 6,5,4,3 лет . Оказалось это его сестренки. Все они были одеты легко и что самое меня потрясло , они были босые , без носков . Из рассказа матери я понял , что этот 13 летний мальчик , учился до обеда , а после школы с 13 часов , до 7-8 вечера , собирал металл и покупал продукты . Был кормильцем семьи. Я взял номер телефона у парнишки и поехал . P.s. На сегодняшний день волонтерами г. Шымкента , простыми гражданами собраны около 5 млн тенге , чтобы купить им жилье . А лишние продукты и одежду , которую принесли , раздали еще нескольким нуждающимся семьям по соседству . У меня все . Берегите детей .

Публикация от ?? Актуальные новости ? (@videogram_kaz)

Белгілі болғандай, баланың есімі – Ағабек. 13 жаста екеніне қарамастан, анасына «неге жағдайымыз жоқ?» деп арызданудың орнына, өзі жағдай жасап жүрген Ағабектің тағдырына қазақстандықтар бей-жай қараған жоқ. Жоғарыдағы жазбадан соң еріктілер шот ашып, бірден қаржы жинау басталып кетті. Нәтижесінде, қарапайым азаматтар Ағабектің отбасына үй алып беру үшін 5 миллион теңге жинады.Кейін 7 миллионға көбейді деп хабарланды. Сонымен қатар киім-кешек, көкөністер мен жеміс-жидек алып берген.

Ал бүгін videogram _kaz парақшасында отбасының үйлі болғаны жарияланды. Көңілін қуаныш кернеген ана барша қазақстандықтарға алғысын жаудырды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Спасибо всем волонтерам! ?

Публикация от ?? Актуальные новости ? (@videogram_kaz)

Деректерге сүйенсек, әкесі отбасын әлдеқашан тастап кеткен, анасы жұмысқа жарамайды. Өздері времянканы жалдап тұратын. Ал он екі мүшесі сау бола тұра диванда шалқасынан жатқан бүгінгі көп еркектің жанында кәмелет жасқа жетпесе де, нәпақасын тауып, отбасын асырап жүрген бала кім кімге де үлгі. Ондай баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ана да ұлы.    

Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір