• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:03:32
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 Әлеумет

Дәстүрлі қытай медицинасының әлемге төндірген қаупі...

Экологтардың мұндай жан ауыртатын тұжырымы Conservation Letters мерзімді басылымында жарияланды.

Көп ұзамай жер бетінен жануарлардың шамамен 150 түрі мүлдем жойылады. Адамдардың ашкөздігінен, ынсапсыздығынан...

Экологтардың мұндай жан ауыртатын тұжырымы Conservation Letters мерзімді басылымында жарияланды. "Бақылағанымыздан байқағанымыз, жердің қалған мегафаунасын көп ұзамай жалмап-жұқтап бітіреміз. Аңшылықтан бөлек, жануарларға қытайдың дәстүрлі медицинасы (жануарлардың тұяғы мен мүйізінен, өтінен, басқа да ағзаларынан, т.б. дәрі-дәрмек жасайтын) және олар тіршілік ететін ортаның деградацияға ұшырауынан қырылып бітеді.

Егер біз тоқтамасақ, олардың түрлерінің 70 пайызы күрт кеміп, 60 пайызы мүлдем жойылады",- деп мәлімдеді АҚШ-тың Корваллис қаласындағы Орегон штаты университетінің ғалымы Уильям Риппл (William Ripple).

Тарихышлардың айтуынша, жер бетінде бес рет қайталанған жануарлар түрінің жойылуы. Солардың біріне Перм жойылуын жатқызып жүр. Бұл зауалда тіршілік иелерінің 95 пайызы жойылып кеткен. Олардың көбісі сүт қоректілер тобына жататын тіршілік иелері болатын.

Осыдан екі жыл бұрын жер бетінде жануарлар түрлерінің жаппай жойылуының алтыншы мәрте орын алуы мүмкін екендігі айтылған болатын.

Ғалымдардың айтуынша, әрбір жүз жыл сайын он мыңдаған түрі бар сүт қоректілердің шамамен екі түрі жойылып отырған. XX және XXI ғасырларда бұл көрсеткіш 114 есеге өскен. Адамзат қарасының көбеюіне байланысты ет пен сүт өнімдерін тұтыну артып, нәтижесінде осындай жағдай орын алып отыр. 

Islam.kz

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір