• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:56:50
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

Кітап оқудан қалып барамыз ба?

«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубының кезекті басқосуы «Еуразия елдерін біріктірудегі кітап феномені» атты тақырыпқа арналды

«Еуразия әлемі» пікір сайыс клубының кезекті басқосуы «Еуразия елдерін біріктірудегі кітап феномені» атты тақырыпқа арналды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша, биылғы жыл ТМД-да Кітап жылы болып жарияланған.

«Кітаптың құндылығы мен кітап оқуға деген құштарлықты арттыру үшін жалғыз ғана кітап көрмелерін өткізген аздық етеді. Қазақстанда автор мен оқырманның жақындастыратын, Батыс елдерінде баяғыдан бар тәсілді жолға қою керек. Біздің елде кітап құндылығын жоғалтқан жоқ, бірақ оған деген оқырман сұранысы төмендеп барады. Ал мұның арты рухани жұтауға әкелуі мүмкін...» деді ол.

Ал саясаттанушы Айгүл Омарова өз кезегінде бізде танымал авторлардың шығармашылық кешін жиі өткізу қажеттігін тілге тиек етті.

«Теледидар толы шоу-бизнес өкілдері. Арзан әзіл көрерменнің санасын тұмшалап барады. Халықтың қазіргі деградациядан құтқаратын бірден бір жол – кітап. Оны қағаз күйінде ме, интернет арқылы ма, аудиожазба көмегімен бе, қалай оқығаны маңызды емес. Оқырман сауаттылығын арттыруда барлық тәсіл тиімді» - деді.

Қазақстан коммуникативтік қауымдастығының директоры Бағилә Ахатованың пікірінше бүгінгі әдебиеттің миссиясы – ол оқырманды өзіне бейімдеу. «Оқылатын, оқырманған берері бар қызықты шығарма болса, қанша бет болса да оқылады, қанша жаңалығы мен ескілігі болса да жұрт аузында жүреді» - деді ол.

Шараға қатысқан өзге де сарапшылар қазір интеллектуалды әдебиетке сұраныс жоғары екенін айтып, кітап саласын осы бағытқа бұруды ұсынды.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір