• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 12:11:03
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

09 Ақпан, 2019 Әлемде

1998 жылы қайтыс болған ана мен 10 жастағы бала: Қылмыстың құпиясы биыл ашылды (фото)

1998 жылы АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан 10 жастағы балалының мәйіті табылған.

Жиырма жыл бұрын қайтыс болған бала өлімінің құпиясы ашылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі wcpo.com сайтының дерегін негізге алып. 

1998 жылы АҚШ-тың Солтүстік Королина штатында 10 жастағы баланың мәйіті табылған. Бұл қылмыстың шындығы араға 20 жыл салып ашылды. 

Баланың мәйіті бұзылып кеткендіктен полиция қызметкерлері дер кезінде оның кім екенін анықтай алмаған. Сондай-ақ оның сыртқы бейнесі жоғалған балалардың да сипаттамасына сәйкес келмепті. 

Роберт Уит

Биыл бет-әлпетін қалпына келтіру технологиясы мен ДНК-ны салыстыру арқылы баланың кім екені анықталды. Қайтыс болған баланың аты-жөні — Роберт  "Бобби" Адам Уит екен. Ол Мичиганда туған, бірақ Огайо штатындағы Ораб таулы аймағында өскен. Бұл туралы сейсенбіде Ориндж округінің шерифі Чарльз Блэквуд мәлімдеді.  Араға біраз уақыт салып баланың мәйітінен 350 шақырым жерден тағы бір адамның денесі табылды. Ол мәйіт Боббидің анасы Мьенг Хва Чо болып шыққан. 

Роберт Уит

Тергеушілер бірден Бобби мен Мьенгтің туған-туысын іздей бастайды. Олардың туыстарының бірі жай қызығушылықпен ДНК тапсырады. Бірақ ол мұндай сұмдық жайтты естимін деп ойламаған. 20 жыл бұрынғы оқиғаны естіген туыстары абдырап қалды. Себебі олар Мьенг пен Боббиді тарихи отаны Оңтүстік Кореяға кетті деп ойлаған. Сол себепті ешкім олардың жоғалғаны туралы арыз бермепті. 

"Бобби өте сүйкімді бала еді. Үнемі күліп жүретін", деп еске алды туыстары. 

Олардың өліміне кінәлі қылмыскер 20 жылдан кейін табылды.  Қандықол қылмыскер Боббидің әкесі болып шықты, ол қылмысын жасыру үшін жұртқа әйелі мен ұлының аяқ астынан елден кетіп қалғанын айтқан. Қазір ол адам тонағаны үшін түрмеде отыр екен. Күдікті кінәсін мойындады.  

Аударған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір