• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:37:38
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2019 Әлеумет

Ата-ана біткенге қан жұтқызған министр қай бетімен жер басады?

Шындығына келгенде ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді. Ал әкім ақылсыз болса – ел тозады.

Шындығына келгенде ақылсыз басшы елді бүлдіреді, ақылсыз әйел үйді бүлдіреді. Ал әкім ақылсыз болса – ел тозады.

Бұқара халықтың отбасындағы әлеуметтік мәселесі мен өсіп-өну демографиясын шынайы жанқияр мүдделілікпен ойлайтын билік елдегі отбасылық сан алуан қатерлі қасіреттерді жіті тексеріп, күнделікті қатаң бақылап, айрықша қадалап отыруға міндетті ұлтсыз, тәрбиесіз, ақылсыз, парықсыз, шала сауатты... министр қымбатшылық шектен тыс шарықтап тұрған шақта «көпбалалы ата-аналар үшін 16 мың теңге жәрдемақы тым көп»... деп әлемге жар салып, бүкіл халықты табанына таптағандығы, наразы халықты ашындырғандығы, бұл – ешқашан кешірілмейтін ауыр қылмыс. Бұл – тарихта теңдесі жоқ сұмдық!

Осынау қатаң жазасыздықтың кесапатынан бейбіт күнде Астанада бір отбасындағы Әлбина, Әлина, Кәрина, Мәдина, Сәбина сынды бес сәбидің отқа оранып, күлге айналуына байланысты ата-анасына аса ауыр қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айта отырып, 1992 жылы жарық көрген төмендегі зар мен мұңға толы «Елім қайтіп күн көрер?!» атты жанайқайды қайта жариялауды жөн санадық.

 ЕЛІМ ҚАЙТЫП КҮН КӨРЕР?!

(Асан Қайғының сарынымен)

Қалтасы тайыз қаржы жоқ,

Сорлы қайтып күн көрер?!

Құты қашқан, малы жоқ,

Ауыл қайтып күн көрер?!

 

Арсыз, ұры жайлаған,

Жұт әкеліп айнала.

Азғын, сатқын, жетесіз,

Қазақтың бағын байлаған.

 

Ауыл иесіз қалуда,

Айнала үйлер қаңыраған.

Жау шапқандай тозуда,

Қала, дала қалжыраған.

 

Құрымаған сала жоқ,

Ұры алмаған қора жоқ.

Ішкенің ірің шетінен,

Бұрынғыдай қазақ жоқ.

 

Шеттерінен жұмыс жоқ,

Ұрпақ қайтып күн көрер?!

Жаңарту жоқ, тұрмыс жоқ,

Елім қайтып күн көрер?!

 

Кещелік өршіп, есек боп,

Өркениет алға басар ма?!

Ел жұтауда есеп жоқ,

Айнала елді бос алдау.

 

Жаңа ғасыр жасампаз,

Болмаса қайтып ел етер?!

Жұтты жасап құртқа жем,

Қазақты қайтіп көгертер?!

 

Қайғылы күндер кете ме?

Оянбай қазақ өте ме?!

Серкесі жоқ ел бастар,

Мақсатқа халық жете ме?!

 

Отбасын отап жалмаған,

«Отағасын» кім үлгі етер?!

Байлығын сорған халқының,

Әкімді кім түзетер?!

 

Жұт жайлаған шектеу жоқ,

Жетпіс жеті аз дей ме?!

Көбейіп өлім, өшіру көп,

Жайлаған елді сор бейне.

 

Жарығы жоқ, суы жоқ,

Ауыл қайтіп күн көрер?!

Жиғаны жоқ, күйі жоқ,

Адам қайтіп күн көрер?!

 

Ана болар – қызы жоқ,

Әке болар – ұлы жоқ,

Құрық түспей мойынға

Түсінетін түрі жоқ,

Елім қайтіп күн көрер?!

 

Елді қорлап, жалмаған,

Әділдік қашан қыл жарар?!

Қанқақсатқан сұм заман,

Адалдық қашан ту болар?!

 

Ұрпағым қашан жаңарып,

Ойдағыдай күнелтер?!

Байлыққа барша ие боп,

Зарламас қашан ел бекер?

 

Қабілеті жоқ, анты көп,

Алдау озды, мәрттік жоқ.

Елдің сиқын кетірді,

Далбалаң әкім сақтық жоқ.

 

Арыз айтар жері жоқ,

Құлақ салар есті жоқ,

Тура тартар билік жоқ,

Араша түсер әкім жоқ.

 

Әділ болар көсем жоқ,

Ұлт дегенде тұра сап,

Жанын қияр ойы жоқ,

Елім қайтіп күн көрер?!

 

Жазаға тартар тезі жоқ,

Ойы жетім, көзі жоқ,

Жөнге түсер түрі жоқ,

Ұрыны жояр ату жоқ,

Ел тоналып, жан азапта

Елім қайтіп күн көрер?!

 

Өзге қаңсық таңсық боп,

Елім қайтіп күн көрер?!

Бәсекеден оза алмас

Елім қайтіп көркейер?!

 

Арқа сүйер пірі жоқ,

Отыз миллион қыран боп,

Ғарышқа самғар күйі жоқ,

Елім қайтіп күн көрер?!

 

Елін қорғар дара жоқ,

Жерін сақтар дана жоқ,

Болашақта кім келер?

Елім қайтіп күн көрер?!

Молдағали Матқан

 Ескерту: Автордың пікірі Qamshy.kz ақпарат агенттігінің позициясына сәйкес келмеуі мүмкін

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір