• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:50:51
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2019 Ғылым-білім

Нұх пайғамбар құрастырған кеменің көлемі қандай болып еді? (фото)

Нұх пайғамбардың Алланың пәрменімен құрастырған кеменің ұзындығы шамамен 135 метрді, ал ені 23 метрді құраған.

Ғалымдардың зерттей келе жасаған тұжырымына қарағанда, Нұх пайғамбардың Алланың пәрменімен құрастырған кеменің ұзындығы шамамен 135 метрді, ал ені 23 метрді құраған. Ал биіктігі 15 метрден аспаған. Қазіргі заманда мұндай кеме қалыпты саналғанымен сол кезде бұл ең алып кеме болатын. Мәселен, салыстырмалы түрде алсақ, осыдан 4000 жыл бұрын кеме құрастырудан алдына жан салмаған финикиліктер (бүкіл елмдік тасқыннан кейін) сауда жүгін тиейтін кемеге ие болған. Олардың ең үлкенінің ұзындығы бар-жоғы 30 метрден аспаған еді. 

♦Нұхтың кемесі табылды...

Нұх пайғамбар кемесі

Әлбетте, мұндай алып кемені құрастыруға Нұх пайғамбар 120 жылын сарп кеткен. 500 жасында кеме құрылысын бастағанда оған үш ұлы көмек көрсеткен. Тіпті, 500 жыл бұрын да мұндай алып кеме жасалмаған еді. Мәселен, Американы ашқан деп батыстық тарихшылар айтып жүрген Христофор Колумбтың кемесінің ұзындығы 25 метрден аспаған еді. Сол кемемен-ақ Атлант мұхитын кесіп өтті. Мұны аргумент үшін айтып отырмыз. 

Нұх пайғамбар кемесі

Яғни, Нұх пайғамбардың кемесінің көлемі бір футбол алаңынынан сәл-ақ асар еді. 

 Нұх пайғамбар кемесі

Егер осы заманғы зәулім үйлермен салыстырсақ, Нұх кемесінің биіктігі 9 қабатты тұрғын үйдей болар еді. 

 Нұх пайғамбар кемесі

Мәселен, орыс олигархы Абрамовичтың ұзындығы 162 метрге жететін Эклипс яхтасымен салыстырсақ...

Нұх пайғамбар кемесі

Немесе биіктігін Париждегі әлемге әйгілі Эйфел мұнарасымен салыстырсақ...

 Нұх пайғамбар кемесі

Арнайы фильм түсірілген, айсберге соғылып апатқа ұшыраған Титаник кемесімен салыстырып көрсек...

 Нұх пайғамбар кемесі

Я болмаса осы заманғы әлемдегі ең алып америкалық  Энтерпрайз авианосецімен (ұзындығы - 342 метр) салыстырсақ...

 Нұх пайғамбар кемесі

Тіпті, Нұх кемесін авианосцтың трюмасында тасымалдауға болады.

 Нұх пайғамбар кемесі

Сұйытылған газды өндіретін кәрістердің қалқымалы зауыттың ұзындығы 488 метр. Төмендегі картинкада ол ең төмен жайғасқан...

Дереккөз: islam.kz

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір