• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:29:51
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

09 Ақпан, 2019 NEWS

Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген сұлу бойжеткендердің бірі экстрадицияланды

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.  

Ведомство дерегіне сүйенсек, Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылды. 

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір