• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:05:38
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

09 Ақпан, 2019 Әлеумет

"Біздің сүйікті дәрігер енді арамызда жоқ..."

Көзінің тірісінде Мәди Қожаұлымен жиі сұхбаттасатынбыз. Ол кісі журналистермен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көретін.

 

Көзінің тірісінде Мәди Қожаұлымен жиі сұхбаттасатынбыз. Ол кісі журналистермен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көретін. Архивімді қарап отырып, осыдан 7 жыл бұрынғы сұхбатымнан мына бір үзіндіге көзім түсті.

– Кішігірім болса да, отбасылық бизнесіңіз бар шығар?
– Көп адамдар осылай ойлайды екен. «Биғалиевте бәрі бар. Жанармай құю бекеті, дәріханасы, мейрамханасы, т.б. бар екен» дегенді талай естідім. Шынымды айтайын, менде тек қана бас дәрігер деген лауазымым және хирург деген мамандығым бар. Операцияны жақсылап жасай аламын. Басқа ештеңем жоқ. Жеке клиникам да, дәріханам да, жанармай құю бекетім де жоқ. Әйелімнің де бизнесі жоқ. 
– Зейнетке шықсаңыз, немен айналысасыз?
– Операция жасаймын. Маман хирург болып еңбек ете беремін. Мен мансап, шен қуған емеспін. Жауапты қызметті сеніп тапсырса, шама-шарқымша тер төгемін. Ал, жоқ болса, қатардағы дәрігер болып та жүруге бармын. Денім сау болса, кәсібім мені аш қалдырмайды.

Ал бірер жыл бұрынғы сұхбатымызда: 
"– Алла нәсіп етсе, екі жылда пайғамбар жасқа толасыз. Қариялыққа дайындығыңыз қалай?
Қазір алпыстан астық қой. Бірақ өзімді қарт сезінбеймін. Ішкі дүнием әлі жассың дейді. Жүрегім 53-55 жасты көрсетіп тұрғандай".
Деп еді-ау. Жарықтық. Жақсы адам еді. Талай жанды ажалдан арашалағаны аңызға айналған адам еді. Ет пен сүйектен жаралған адам болған соң, өзіміздің де, ағайын-туыстың да басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды. Бірден Мәди ағаны іздейтінбіз. Телефоны 24 сағат қосулы тұрады және кез келген мезгілде тұтқаны көтереді. "Қолымнан келмейді" деп айтып көрмепті. Беу, дүние!.. Қамшының сабындай ғұмыр да...

♦Жүздеген адамды өлімнен құтқарған шымкенттік хирург неге өз өмірін қиды?

Арты қайырлы болсын! Биыл желтоқсанда пайғамбар жасқа келер еді... Бақұл болыңыз, ардақты аға! Топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта болсын!

Тұтқабай Фазылбектің Facebook-тегі жазбасынан

Ұсынған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір