10 Ақпан, 2019 Әдебиет
Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы
Бүгін Мұқағалидың туған күні
Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен қылып өзіне қайтарған» атақты ақынға арнау өлеңдер ешқашан толас таппақ емес. Өйткені тума талант Мұқағали мәңгілік ақын. Сондықтан да оған құрмет ешқашан таусылмайды.
Біз осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігіне өз өлең -жырын жолдаған оқырманға ризашылығымызды білдіре отырып, оны сайтқа жариялауды жөн деп таптық.
***
Мұқағали әрауқты өр ақыным ,
Қазағым жүрегіне ет жақыным.
Өлеңмен қара қылды қақ жаратын,
Қайран ел қасиетті бар ақының.
Жарық жұлдыз поэзия көгіндегі,
Қайталанбас біртуар өмірдегі.
Қапыда туындаған әрбір сөзің,
Тебірентпей қоймаған көңілдерді.
Мәңгілік мұзарт шыңның мұзбалағы,
Қадіріңді қас жауың қызғанады.
Сыр шертіп, мұңыңды айтып жырларыңа,
Қосып ең Фаризадай қыз баланы.
Дана едің ,бар болмысың дара туған,
Жарқ етіп жайдың отын ала туған.
Мәңгі өлмес поэзия аспанында,
Самғадың жай ұшырып қанатыңнан.
Жырлары жетелеген арманына,
Қазағымның болған кейде қорғаны да .
Қазақы қара өлеңге тіл бітірген,
Бас ием айбынды ақын аруағына!
Сабина Қалиқызы Құрманғалиева
Алматы облысы,
Кербұлақ ауданы ,
Қарашоқы ауылы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір