• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 18:29:17
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

10 Ақпан, 2019 Әдебиет

Мұқағали: "Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де..."

Мұқағали атамызға жыр арнаған, ән арнаған, суретін салып, мүсінін қашаған қазақ кем де кем...

25-май 1974 жыл

"Ерте-ертеде Нерон патша өмір сүрген. Жұрт оны ақымақ деп атауға дағдыланып кеткен. Шынында да ол сондай болды ма, мен онысын білмеймін. Бірақ мен оны өз сөзі арқылы білемін және терең түсінемін. «О! Қандай ұлы актер өліп барады!» — оның бүкіл өмірінің дәні сол сөзінде. Ол қанша ақымақ болса да, өз қалауынша өмір сүрмеген адамның шын жүректен мойындауы. Біз бәріміз — артиспіз, тіпті ұсақ-түйек те де..."

("Мұқағали күнделігінен")

Мұқағали атамызға жыр арнаған, ән арнаған, суретін салып, мүсінін қашаған қазақ кем де кем... Күллі қазақ Мұқағалидың бір өлеңін жатқа білмесе де, есімін естігеннен-ақ кім екенін бірден білері анық! Соның өзі - мойындау! Оның ұлы ақын, дара тұлға, біртуар Қазақ екенін мойындау!

***

Ғажап неткен...

Аспантаудың етегін мекен еткен,

Қарасаз Хантәңірлі құтты мекен!

Бауырында өр Мұқаң туып-өсіп,

Қарлығаштай алысқа ұшып кеткен.

 

 

Бар ма амалы...

Талмай қанат аралап сай-саланы,

Жырымен сусындатты ен даланы.

Қайырды да құзғындар қауырсынын,

Қарлығаш жазылмастай жараланды.

 

 

Қауқарсыз жарыстың ба...

Сорыңа өлең бақ боп жабысты да,

Іштарлардың жақтары қарысты да.

Өлеңіңнің өзегін бітей алмай,

Сені өшірді, ақыры, алысты да!

 

Мың сүрінді...

Өлеңім деп ұмтылған жыр-күшіңді,

Сенің нәзік жаныңды кім түсінді?!

Барында бағаламас байлықтарын,

Бұл қазақ жоғалтқан соң кеш күрсінді.

 

 

Қанатың талды ма шын...

Қара өлеңнің қайыстырып қабырғасын,

Қайда кеттің, Қарасаздық қарлығашым?!

Дегеніне жетті де қас-достарың,

Ақыры қабіріңе салды ма шын?!

 

Сен қашпадың...

Көре алмаған өзен-көл, тау-тастарың,

Самғап ұшып жете алмаған көк аспаның,

Бәрін жиып аманат қып қалдырып,

Болашаққа жүк артып сен тастадың.

 

 

Өмірің мұңмен өтті...

Жете алмаған жеріңе жырың жетті,

Айтқың келген іштегі сырың жетті.

Өзіңді аңсап, көруге ынтық болған,

Қазақтың бар жеріне үнің жетті.

 

 

Қане, бар кім...

Келді, келер түрлі ақындар сүйер халқын,

Есте сақтап, ұрпақ жаттап алар атын...

Әйткенмен де, туылмайды қазақта енді,

Мұқаң сынды Мұзбалақ, Арда Ақын!!!

Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір