• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:38:59
Алматы
+35°

11 Ақпан, 2019 Саясат

Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?

Билік тағына жайғасқандар неге одан тұрғысы келмейді? Сол отырғанмен мол отырады...

Билік тағына жайғасқандар неге одан кеткісі келмейді? Олар сол отырғаннан мол отырады... Бұл сұраққа жауап таппай дал болып жүрсек, жүз жыл бұрын итальяндық әлеуметтанушы Вильфедро Парето бәрін жіліктеп айтып кеткен екен.

Вильфедро Парето өз идеяларын әлеуметтанушы элита циркуляциясы теориясына салды. Теорияға сай, адамдар элита және жалпы болып бөлінеді. Ол элитаға әлбетте ерекше қабілеті бар адамдарды жатқызды. Сонымен қоса Парето басқарушы, яғни саясаттағы элитаға аса көңіл бөлді.

Ондай адамдарды әлеуметтанушы екі типке жатқызды: арыстандар және түлкілер. Арыстандар күш қолданудан қорықпайды, тұрақтылық пен дәстүр негізінде елді адал билейді әрі халқына аса беделді. Ал түлкілер артық сөзден қашып, қулығын іске басып отырып билейді. Ондайлар өзгерістерге, түрлі реформаларға құмар келеді.

Арыстандар «рантье» деп аталатын экономикалық элитаға сәйкес келеді. Яғни олар капиталдан түскен табыспен күн көретін тұлғалар. Парето оларды «киелі» деп атайды. Ал түлкілер – алыпсатар саудагерлер және скептик, яғни күдікшіл, өзгелерге сенбейтін тұлғалар.

Билік басында арыстандар барда халқы жайбарақат, алаңсыз өмір сүреді. Өздерін қорғайтын бір тіреуіштің барын сезетін болады. Алайда арыстандардың билікте ұзақ отыруы түбі жақсылыққа апармайды. Ондайда ел дамымай артта қалып қалады.

Ал билікте түлкілер болса, қоғам реформадан реформаға ауысып отыратын, сыналатын ортаға айналады. Ештеңе бірқалыпты емес, бәрі жиі өзгеріске ұшырап тұрады. Түлкілердің билікте ұзақ бөгелуі – ел ішіндегі дүрлікпеге әкеп соғады. Мемлекет ақшасының қайда жұмсалып жатқанынан билік түгілі халқы да хабарсыз болады. Ақшасын үнемдей алмайтын жұрт қарыздан-қарызға батады.

Сол себепті, элита циркуляциясының заңдылығына сәйкес, арыстандар мен түлкілер орындарын ауыстырып отыруы тиіс. Сонда ғана ел де бірқалыпты дамиды, бір дәуір реформалардың өзгеруіне арналса, келесі дәуір халықтың алаңсыз, жайбарақат өміріне ауысады. Билік үнемі ауысып отырған жерде береке де, бірлік те, норма да сақталады.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір