• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Қазан, 16:30:27
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

12 Ақпан, 2019 Саясат

Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады

Қайтыс болды, ер батыр!

«Қара майор» қайтыс болды». Аты аңызға айналған бұл адам туралы талай рет мақала жазылды. «Қара майор» деген деректі фильм түсірілді.

Қазақтың даңқты батыры ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған мерзіміне бір-екі күн қалғанда, 12 ақпанда өмірден өтті. Біз осыған орай ауған дұшпандарын дірілдеткен Борис Керімбаев туралы көптен бері естелік жазып жүрген белгілі журналист Шоқан Сыздықұлына телефон шалдық. Көңіл айттық.

–Қайтыс болды, ер батыр! Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылған күніне жетпей, 12 ақпанда  өмірден өтті. Бірақ арманы жоқ шығар. Халқы көзі тірісінде сыйлады. Құрметтеді. Ерлігі жас ұрпаққа үлгі болып қалды. Борис Керімбаев туралы үш кітап жаздым. Біріншісі –«Батя», ол – 32 беттік түрлі түсті журнал. Оны көзі көрді. Екіншісі– «Жанкешті жасақ» деп аталады. Ол да дайын. Қазір баспада тұр. «Қара майордың» алдына барғанда, «Мен туралы емес, алдымен жауынгерлерім жайлы жаз! Ерлік – солардікі. Мен қолбасшымын» деп еді. Ауған жерінде жанқиярлық ерлік көрсеткен өзінің жауынгерлері туралы «Жанкешті жасақ» осылай дүниеге келді. Үшінші кітаптың аты– «Қара майор». Өзі туралы. Ол да баспаға дайын тұр. Жарыққа шығуға жақын. Үш кітабымды да көрді. Оқыды. Батасын берді.  

«Іске аспаған білім – тұл, білімсіз адам–тұл, қолбасшысыз әскер–тұл, байсыз қатын–тұл. Мен – ГРУ-шникпін. Әскери білімім бар. Айбатты, қайратты жауынгерлерімнің арқасында дұрыс қолбасшы болдым. Әйелім бар, ол – тұл емес, бала-шағамыз, немерелеріміз бар. Борис деген атым... «Қара майор» деген затым бар. Осы айтқандарымды ана жазған кітабыңның бір жеріне қыстыра сал»-деп еді қапсыра құшағына алып... Енді міне өзі де  өмірден өтті,–деді бізге белгілі журналист Шоқан Сыздықұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір