• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:53:19
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2019 Спорт

Қырғызстанда өткен турнирде «Sagadat Batyr QTT» командасы үздік атанды (фото)

Аталмыш  халықаралық турнирде «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының спортшылары "GI" және "NO GI" бойынша 21 алтын медальді, қанжығасына байлады.

Қырғызстанда өткен «Bishkek Open»  халықаралық турнирінде «Sagadat Batyr QTT» командасының спортшылары үздік нәтиже көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қырғызстанда өткен «Bishkek Open»  халықаралық турнирінде «Sagadat Batyr QTT» командасының спортшылары үздік нәтиже көрсетті. Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында IBJJF ережесі бойынша «GI  және     NOGI»   джиу-джитсу күресінен  «Bishkek Open»  атты   халықаралық  турнирі өтті. Турнирге ТМД еледірінен,  Қазақстаннан біршама спорт командалары қатысты. Соның ішінде  2015 жылы ашылған «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының  28 спортшысы қатысып,  үздік нәтижелерге қол жеткізді.

спорт

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Жібек Құлымбетова кешегі өткен жарыста реванш жасады. Айта кетейік, 2018 жылы Қырғызстан Республикасы Ош қаласында өткен «Alay Open» турнирінде Жібек  қырғыз баласымен күресіп, чемпион атанған болатын. Араға бір жыл салып сол қарсыласымен тағы да бетпе- бет келді.  Қырғыз бапкерінің айтуынша,  шәкірті реваншқа қызу дайындықпен келген көрінеді. Дегенмен, біздің қайсар қызымыз намысты қолдан бермеді. 12 жастағы қырғыз баласын 32 келі салмақта   жеңіп,   тағы да чемпион атанды.  

спорт

«Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының спортшыларының тәжірибесіне   «Bishkek Open»  халықаралық турнирінің ұйымдастырушылары, қырғыз спортшылары   таңдай қақты. «Турнирді ұйымдастырмас бұрын мен Нұрсұлтан Орынбасаровпен ақылдасып, осындай халықаралық турнир ұйымдастырсақ қалай?" деп ұсыныс тастаған болатынмын. Ұсынысымды көп ойланбастан мақұлдады. Қазақ спортшыларының өте мықты екендігі бүгінді жарыстан байқалып-ақ тұр. «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының джитсерлері бірінен-бірі өткен мықтылар екен. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын» - деп, джиу-джитсудан Қырғызстан Республикасы федерациясының президенті Самарбек Сабыржанұлы қазақ спортшыларына сәттілік тіледі.

спорт

Аталмыш  халықаралық турнирде «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының спортшылары "GI" және "NO GI" бойынша 21 алтын медальды қанжығасына байлады.  Салимов Таймас, Құлымбетова Жібек, Жаманбай Бекжан, Өтегенова Зере, Салимова Малика, Жаманбай Бекзат, Елдосқызы Ботагөз, Жұмаділ Елжан, Қайырбеков Рүстем,  Жаманбай Бекжан, Серікжан Ералы, Расулов Заман, «GI» бойынша бірінші орынды иеленді. Ал Айдынғали Еламан, Жаманбай Бекзат, Жаманбай Әліхан,  Айтмұрат Айдос, Салимов Әділ,  Калқожаев ЖаҺангер, Акылбеқов Алан,  Қуанбек Ерасыл 2-3-орындарға жайғасты. Джиу-джитсу «NO GI» күресі бойынша Құлымбетова Жібек, Мадами Бексұлтан, Жаманбай Бекзат, Жаманбай Бекжан, Өтегенова Зере, Салимова Малика, Жаманбай Бекзат, Елдосқызы Ботагөз, Жаманбай Бекжан өздерінің нағыз чемпион екендерін дәлелдеп, халықаралық турнирде алтын медаль тақты. Сондай-ақ,  күрестің бұл түрінен  Қанайбеков Диас, Үсен Айбек, Қалқожаев Жахангер, Қайырбеков Рүстем, Айтмұрат Айдос, Салимов Әділ, Қалқожаев ЖаҺангер, Ақылбеков Алан, Қуанбек Ерасыл күміс және қола медальдарымен қуантты.

спорт

-Бұл  біз  үшін  үлкен  тәжірибе болды. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қырғыз спортшыларының дайындығы осал емес екен. Дегенмен біздің команданың джитсерлері басым түсті деп айта аламын. Шәкірттерімді жетістіктерімен құттықтаймын. Алда болатын жарыстарда бұдан да биік жетістікке жететіндеріне сенімдімін, - дейді,Нұрсұлтан Орынбасаров.

Қазіргі таңда «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубы  алдағы жарыстарға қызу дайындық үстінде. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Ұсынған: Әсел Болатқызы 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір