• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 11:31:40
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

12 Ақпан, 2019 NEWS

Қасымов кетіп, орнына Тұрғымбаев келді

2012 жылдың желтоқсан айынан бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарады.

Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Ішкі істер министрі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция генералы Тургумбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 2012 жылдың желтоқсан айынан бері ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарады.

Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. Анасы - Темір- бекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы Опера және балет театрында жұмыс істеген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік».

«Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Алма-ты қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІІ. бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылдың шілде айынан бері- Алматы қаласының ІІД бастығы. II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын», III дәрежелі «Апександр Невский» (РФ) орден-дерімен; 11 медальмен марапатталған. ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір