• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:17:20
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

13 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Атышулы Ильяс Кар: Оқиға орнынан қашып кету ойымда да болған жоқ

Алматы қаласындағы үш адамның өліміне себепкер болған Ильияс Кар өзіне тағылған айыптың кейбірімен келіспейтінін айтты

Алматы қаласындағы үш адамның өліміне себепкер болған Ильяс Кар өзіне тағылған айыптың кейбірімен келіспейтінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен кінәмді жартылай ғана мойындаймын. Көлікті мас күйінде жүргізді деген айыппен келіспеймін. Сондай-ақ менің оқиға орнынан қашып кету туралы ойымда да болған жоқ", деді күдікті. 

Прокурордың айтуынша, ішімдікке сылқия мас болған Кар Абай көшесінде батыс бағытта келе жатқан. Қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған және бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Соның салдарынан түрлі дене жарақатынан үш адам көз жұмды.

Айыпталушы жайында белгілі болғаны, Ильяс Кар 1985 жылы туған. Отбасылы, үш баласы бар. Білімі орта. Ұсталған сәтте "Казахпродукт" ЖШС-де директор көмекшісі болып жұмыс істеген. Бұрын істі болмаған.

Еске салсақ,  29 желтоқсанда Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында қайғылы жол апаты болған еді. Аса қатты жылдамдықпен келе жатқан Mercedes Gelandewagen көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, Mitsubishi көлігін соққан. Соның салдарынан үш адам мерт болған еді. Оның бірі – актриса Шолпан Елгезекова. Тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жақында ғана емханадан шықты.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір