• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:59:16
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019 Әдебиет

Қадыр Мырза Әлидің қадірлі сөзі: "Біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз"

Өте көп оқығанның пайдасын, өте көп оқығаннан кейін барып түсінесің.

Қадыр Ғинаятұлы МырзалиевҚадыр Мырза Әли  (1935 2011) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі көзіқарақты оқырмандарына ақынның  даналық сөздерін ұсынады.

 

Өте көп оқығанның пайдасын, өте көп оқығаннан кейін барып түсінесің.

***

Өзіне бірде разы, бірде наразы адам – үнемі тау үстіндегі адам.

***

Қия алмай кеткен, ұялмай табысады.

***

Жан тыныштығын ойлағаннан-ақ мазаң кетеді.

***

Әдеміліктің сыртында, әдетте ақымақтық жатады. Ол көбіне-көп қартая келе байқалады.

***

Бірінші болу оңай, біреулер тіпті жалғыз болғысы келеді.

***

Дайын тұрған көз жасы – сезімнің қожасы.

***

Кімге қарап тұрғанын қылидың өзі ғана біледі.

***

Біз бәріміз өмір сүріп жүрміз деп ойлаймыз. Шын мәнінде олай емес. Біз өмір сүргенсіп жүрміз. Дәлірек айтсақ, біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз.

***

Ең болмағанда бір адамды бақытты етпеген адамның бақытты болуға хақы жоқ.

***

Жүректі жаулап алу онша қиын емес, бірақ оны ұстап тұру қолдан келе бермейді.

(жалғасы бар)

 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір