• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:33:50
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2019

Данэлия Тулешова америкалықтарды таңғалдырды (видео)

Шоу соңында мен Димаштың қатысатынын білгенде таңырқап қалдым.

Данэлия Төлешова The World's Вest шоуына қатысу кезінде кейбір мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. Бірінші кезеңде Данелия Rise up композициясын орындады. Жас әнші төрешілерді өз өнерімен тәнті етті. Актриса Дрю Бэрримор көз жасына ерік берді. Қазақстандық қыздың өнеріне "таңғаларлық" деген баға берілді, ал Данэлияның өзі "вокал ғажайыбы" деген атаққа лайық болды. 

"Rise up әні маған қатты ұнайды. Бұл шоуда әндерді таңдау бізге ғана емес, продюсерлерге де байланысты. Біз оларға  орындай алатын әндердің тізімін ұсындық. Олар менің даусыма сай келетін әнді таңдап алды. Олардың пікірінше, бұл ән менің вокал мүмкіндігімді толық ашады", - дейді әнші.

Бас қазылар алқасының орташа балы 47 ұпай болды. Дрю Бэримор ең жоғары баға - 50 ұпай, Ру Пол - 47, ал Фэйт Хилл - 45. "Әлем қабырғасы" (әлемнің түрлі елдерінен келген көптеген қазылар алқасы) әншіге мүмкін болатын 50 балдың 49-ын берді. Тек Канададан келген сарапшы қазақстандыққа дауыс берген жоқ. Нәтижесінде Данэлия Төлешова 96 ұпай жинады.

"Бұл жобаға продюсерлер шақырды, олар бұрындары менің өнерімді көрген екен. Олар әлемнің үздік орындаушыларын, бишілерін, спортшыларын, сиқыршыларын және тағы басқаларын шақырады. Бұл шоуда мені The Vocal Wonder ("вокал ғажайыбы") деп атағанына өте қуаныштымын. Мен бұл атақты ақтауға тырысамын. Енді әрбір жобам бұрынғылардан да ерекшеленеді. The world 's Вest - мүлде басқа формат, басқа деңгей, басқа ауқым", - деді Данэлия Төлешова.

Оның айтуынша, продюсерлер қатысушыларға бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тыйым салған, ал Димаш Кұдайбергеннің осы шоуға қатысатыны Данэлия тек соңында білген.

"Шоудың форматы бойынша бізге бір-бірімен сөйлесуге, ақпаратпен алмасуға тыйым салынды. Сондай-ақ, біз басқалардың өнер көрсетуін көре алмадық. Қазір мен шоуды көре отырып, бізбен бірге дайындық бөлмесінде және дәліздерде ойнаған адамдар қандай керемет нәрселерді жасайтындығына таң қалып отырмын. Бәсекелестіктің өте мықты екенін түсіндім. Шоу соңында мен Димаштың қатысатынын білгенде таңырқап қалдым. Келісімшарт бойынша біз ақпаратпен алмасу және қарым-қатынас жасауға болмайтындықтан, ол менің жобаға қатысатынымды және мен оның қатысатынын білмедім. Кездескен кезімізде, бірдей эмоцияда болдық. Сонымен қатар, біз бір - бірімізді көргенімізге қуаныштымыз, бірақ осы байқауда бірге сайысатынымызды білгенде қапаландық", - деп әнші.

Қазақстан атынан шыққан ол Andra Day деген әншінің Rise up әнін орындады. Бұл әнді ол Украинадағы таланттар шоуында шырқаған.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір