• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:46:50
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Атышулы Ильяс Кар оқиға орнынан не себепті қашып кеткенін түсіндірді

Рөлде бір ер адам қасында бір әйел мен артқы орындықта екі әйел отыр екен. Бәрі де ес түссіз болды

Ильяс Кар бүгінгі сотта жол апатының қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

— "Гранд операдан" әйеліммен ұрысып шыққан едім. Кейін Наурызбай батыр көшесімен жоғары көтеріліп, Абай көшесіне жетіп оңға бұрылдым. Сол кезде бағдаршамда жасыл түс жанып тұрған болатын. "Өтіп үлгерем" деп ойладым да, жылдамдықты көбейттім. Кейін қызыл түс жанған кезде тоқтап үлгере алмайтынымды білдім. "Сосын автобусты айналып өтіп үлгеремін" деп ойлаған едім. Бірақ оның арғы жағындағы Митцубиси көлігін көрмедім. Содан кейін қатты жылдамдықпен келіп жеңіл көлікке соғыстым. Дәл орта тұсынан соғыппын, көлік айналып кетті. Дереу көлігімнен түсіп жаңағы көлікке қарай бардым. Рульде бір ер адам қасында бір әйел мен артқы орындықта екі әйел отыр екен. Бәрі де ес -түссіз болды, дейді күдікті.

Сондай-ақ Ильяс Кар оқиға орнында болғанын айтты. 

— Сәлден соң адамдар жиналып қалды. Жан-жақтан келіп жеңіл көліктегі адамдарды шығарып, жедел жәрдем шақырып жатты. Кейін бірнешеуі менің көлігіме қарай барып "жүргізуші қайда?" деп түрлі былапыт сөздер айтты. Олар "Гелендваген" көлігінің жүргізушісі мен екенімді білмеді. "Көшедегі көмектесіп жатқан адам" деп ойлады.  Мен де "Гелендвагеннің" жүргізушісі екенімді айтпадым. Содан Абай көшесінен өтіп, Сейфуллин көшесінің бойымен төмен қарай жүрдім де, үйлердің арасында біраз уақыт отырдым. Біраз уақыт өткен соң, Масанчи көшесінен такси ұстап өзіме сырт киім мен аяқ киім алуға бараxолкаға бардым. Сырт киімім көлікте қалған болатын. Ал аяғымда жаздық аяқ киім болды.
Бараxолкада жүріп бір танысыма хабарластым, - дейді Ильяс Кар.  

Сонымен қатар айыпталушының 16 жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар екен. Осы уақытқа дейін бірде бір рет жол апатына ұшырамаған. 

Сондай-ақ Ильяс Кар прокурордың сұрақтарына жауап беру барысында 6 жылдан бері ішпейтінін айтты. 

— Мен ішімдік ішіп көлік жүргізді деген айыпты мойындамаймын. Мен 6 жылдан бері ішімдік ішпеймін", дейді Ильяс Кар. 

Ильяс Кар өзінің не себепті оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді. 

— Жол апаты болғаннан соң адамдар көптеп жинала бастады. "Сол жердегі адамдардың өздері мені жазалайды" - деп қорықтым. Себебі көпшілігі мені іздеп жатқан еді", - дейді айыпталушы. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір