• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
09 Желтоқсан, 00:13:21
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Ақпан, 2019 Фото-баян

"Ананың көңілі балада..." Аналардың өмірінен 11 шынайы иллюстрация (фото)

«5 минут тыныштық немесе дәретхананың есігін жабуды ұмытып кеткенде...»

Екі баланың анасы иллюстратор Мария Горбунова өзінің күнделікті тіршілігін қағаз бетіне түсіріпті. Суреттердің шынайы шыққаны сонша өзге аналар әрбірінен өздерін көреді екен. Шындық пен юморды қатар бейнелеген Марияның иллюстрацияларын Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады. Мұны көрген аналар бір күліп, бір жылап алар.

Ал кеттік...

Ааналар өмірі

«Дәретхана есігінің құлпы бұзылып қалғандықтан іштен қолмен бар күшіңмен ұстап отыруың керек. Алайда 13 келілік қызым Мира үшін ол есікті ашу түк те емес. Дәл мен кірген уақытта қолымен әрі-бері жұлқылап, дәретханамыздың есігін ашып алады. Мен ең көбі 3 минут қана отырып үлгеремін. Сіздер ше, аналар?

Және келесі сұрағым әкелерге: ол жақта сағаттап қалай отыруға болады?»

Аналар өмірі

«Менің картиналарымды көріп, балаларым айқайға басқаннан түк білмейді деп ойлайтын шығарсыздар? Жоқ, олай емес. Жарайды, кейде болып тұрады. Мира өсіп келеді, түнде ұйқысы тыныш. Юра ғой үйді шулатып жүретін.

Бесік жыры, тербету, ойнату, көтеріп жүру, жатқызу, қайтадан тұру, бесік жыры, тербету, ойнату... бір түнім таңға осылай ұласады. Жә, ештеңе етпес, балаларымыз бой жетіп, ер жеткен соң ұйқымызды қандырармыз, иә, аналар?»

Ааналар өмірі

«Балалармен сапарға шығудың өзі бір жұмыс. Сережаның таза шалбарына Мираның жеген тамағы жабысып қалған. Ол негізі ұшақта балалардың шуын көтере алмайды. Енді қайтеміз? Үйренуге тура келеді, себебі өз балалары тынымсыз».

Аналар өмірі

«Бүгін таңғы асқа брокколи, кеспе және мұздалған жидектен компот әзірледім. Жағдай осылай...»

Аналар өмірі

«Балаларым үшін деп қымбат, сапалы, мақтадан жасалған, арнайы Италиядан әкелінген жөргектің 10 данасын алдым. Таныстарым біреуінің өзін ұзаққа шыдайды деген. Бірақ оны менің балаларым киді ғой, жоқ-жоқ шыдамады. Тіпті жөргектердің қайда жатқанын таппай қалдым. Ақыр соңында күйеуім дүкенге барып, әдеттегі жөргектерді сатып әкелді. Түсінгенім – үстіне не киіліп тұрса да балаға бәрібір. Ең бастысы, кебулі болса болғаны».

Аналар өмірі

«Балалармен дүкенге барғанда».

Аналар өмірі

«Футболдан әлем чемпионаты басталғанда үйіміз кәдімгі барға айналады. Ал мен – барменмін».

Аналар өмірі

«Кейде екі баланы киіндіруге шаршап қаламын да, бұл істі күйеуіме тапсыра саламын. Нәтижесі – осындай».

Аналар өмірі

«Үйде сынған ыдыстар, шашылған киімдер... Күдікті қашан да – үшеу. Бірақ үшеуіне де ұрса алмаймын. Эх...»

Аналар өмірі

«Менің ең көп энергиям балаларды жуындырғанда кетеді. Юра мен Мира өзімшіл емес, олар итті де ойлап жүреді».

Аналар өмірі

«5 минут тыныштық немесе дәретхананың есігін жабуды ұмытып кеткенде...»

Дайындаған: Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір