• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:59:03
Алматы
+35°

20 Ақпан, 2019 Саясат

Венесуэла: 15 мың мерген оқ атуға дайын тұр

Бірақ  бір ай уақыт өтсе де,  жағдай шешілген жоқ, тартыс өршіп барады.

Бір айға жуық уақыт болды, Венесуэлада қос үкімет билігін жүргізіп тұр. Қозғалыстың бір жағында Ұлттық Ассамблеяның төрағасы, АҚШ-тың қолдауымен басшы болған Хуан Гуайдо, ал екінші жағында елдің қазіргі президенті Николас Мадуро тұр. Бірақ  бір ай уақыт өтсе де,  жағдай шешілген жоқ, тартыс өршіп барады.

23 ақпан Венесуэланың тағдыры шешілетін күн. Өйткені алдын ала жеткен мәліметтерге қарағанда, АҚШ 23 ақпан күні Венесуэлаға гуманитарлық көмек ретінде ауыр машиналардың көшін кіргізбек. Ал Мадуро АҚШ тарапынан жіберілген көмекті қабылдауға қарсы. Тіпті ауыр көлікпен келетін жолдардың барлығын да жапты. Мадуроның бұйрығымен 15 мың санайпер қазір оқу атуға дайын тұр. Кеше өзінің жақтастары алдында сөз сөйлеген Николас Мадуро «аш қалсақ та, АҚШ-тан көмек алмаймыз» деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар, бүкіл ел халқын көшеге митингке шығуға шақырды. Өткен аптада елдегі жағдайды білуге келген Еуропарламенттің бес депутатын ішке кіргізбей Николас Мадуро шекарадан кері қайтарып жіберді.

Ал Батыс елдері мен АҚШ-тан жеткен көмек қазір Бразилия мен Колумбияның шекарасында тұр. Оппозиция сайлаған президент Хуан Гуайло «қандай жағдайға қарамастан  шекарада тұрған гуманитарлық көмекті ішке кіргізуге атсалысатынын» жеткізді.

–Менің жақтастарым да түгел көшеге шығады. Көмекті таратуға еріктілер жасақталып жатыр. Бізге азық-түлік керек. Әйтпесе, Венесуэла халқы аштан өледі. Қайырымдылық пен қамқорлықтан бас тартпауымыз керек,-деп мәлімдеді өзін-өзі президент етіп жариялаған Хуан Гуайдо.

Анығына келсек, Гуайдо кімге сеніп отыр? Әрине, ең алдымен, АҚШ-қа!

Дүйсенбі күні Дональд Трамп АҚШ-тағы Венесуэла диаспорасының алдында сөз сөйлеп, «егер Николас Мадуро бейбіт жағдайда билікті өткізбесе, оның салдары ауыр болатынын» айтты.

–Егер олар осы жолды таңдаса, онда олар барлығынан да айрылады. Тіпті тығылатын жертөле де таппай қалатын болады. Сондықтан ойлануға бір-екі күн ғана қалды»,– деді Дональд Трамп.

Кейбір деректерге қарағанда, Венесуэлаға әскери жорық жасауға АҚШ тарапынан қатты дайындық шаралары жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Кеше бірқатар БАҚ осыдан бір апта бұрын Венесуэламен шекаралас мемлекеттерге транспорттық-әскери ұшақтар жеткізілгенін мәлім етті. Әзірге екінші президент Хуан Гуайдоның жағына екі әскери генерал ғана өткен. Бірақ олардың қарамағында ешқандай армия жоқ. Ал әскер толықтай Николас Мадуроның бұйрығын күтіп тұр. Бірақ АҚШ пен оның одақтастарының қысымы күн өткен сайын күшейіп барады. Ал Мадуроны жақтап отырғандар – Ресей, Мексика, Боливия, Куба және Қытай.

...Бұл Мадуро мен Гуайдоның ғана емес, алпауыт мемлекеттердің де тайталасы.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір