• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:01:43
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2019 Саясат

Бақытжан Сағынтаевтың үкіметтегі алты жылдық жорығы сонымен аяқталды. Оның алдағы уақытта қайда баратыны туралы әңгіме бөлек. Ақиқаты, Бақытжанның жолы ашық болды. 2012-213 жылдары «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болғаннан кейін оның лауазымдық қызметінде өрлеу басталды. Бір сәт көз жүгіртіңіз, 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары –  Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып,  Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары. Сағынтаев 2016 жылдың қыркүйегінен үкімет басшысы қызметін атқарды. Бәрін қосқанда ол Үкіметте алты жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді.

Әрине Сағынтаевтың үкіметінде кемшіліктер де орын алды. Оның ең шырқау шегі көп балалы аналардың жанайқайы дер едік. Дегенмен 2,5 жыл жұмыс істеген бұл үкіметтің өз артықшылықтары да болды. Сонымен...

  1. Сағынтаев үкіметі тәуелсіз Қазақстан  тарихындағы ең қазақы үкімет болды.
  2. Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі көп жағдайда мемлекеттік тілде өтті.
  3. Сағынтаев үкімет мүшелеріне тапсырмаларды таза қазақ тілінде берді.
  4. Үкімет басшысы ретінде Бақытжан Әбдірұлы өзінің жанына жас министрлерді жинады
  5. Сағынтаев сенім артқан жас министрлер сенімді ақтады.
  6. Егер Президент қаласа, Дәурен Абаев, Жеңіс Қасымбек, Дархан Қалетаев, Тимур Сүлейменов сияқты бұрынғы Сағынтаев үкіметінің мүшелері келесі жасақталатын үкімет құрамында тағы қалуы мүмкін.
  7. Өзі қызмет еткен жылдары қазақы премьер Бақытжан Сағынтаевтың соңынан қауесет ерген жоқ. Ол Тасмағамбетовтен кейінгі қазаққа жаны жақын үкімет басшысы ретінде тарихта қалды. Ол «еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы» Елбасына алғыс айтты да, қызметінен кетті.

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір