• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:57:05
Алматы
+12°

11 Мамыр, 2015 NEWS

Оралдағы орыстар заңсыз автошеру ұйымдастырды

9 мамыр күні Орал қаласында «жеңіс күнін» сылтауратқан заңсыз автошеру өтті. Естеріңізде болса, былтырғы жылы да Орал қаласында Ресейдің, Кеңес Одағының туын...

9 мамыр күні Орал қаласында «жеңіс күнін» сылтауратқан заңсыз автошеру өтті. Естеріңізде болса, былтырғы жылы да Орал қаласында Ресейдің, Кеңес Одағының туын көтерген автошеру ұйымдастырылған болатын. (Петропавлда да өткен) Биылғы 7 май күні Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті, жол-көлік полициясы бұндай автошеру өткізуге тиым салынғандығы туралы хабар таратқан. Алайда, оны құлағына да қыстырмаған  ұйымдастырушылар автошеруді көлемді етіп жасақтапты.

1(558)

Орал қаласындағы «Дина» сауда орталығының алдына жиналған автошерудің түрі-түсі, мән-мазмұны адам тіксінтердей. Кеңес Одағы мен Ресейдің туын желбіретіп, «колород» таспасы, Сталинның суреті басқа түрлі-түсті советтік символдармен безендірілген көліктер 50-ден асады. Тіпті, кейбір машиналарды әскери техника түрінде жасап, төбесіне «пушка» орнатып алғандары да бар. «Уральское (Яйцкое) Казачье войска» белгісі бар әскери киім, кеңес солдатының формасын киініп, кеудесіне «ала қоңыз» белгісін таққан орыс жастары, қыз-келіншектері, тіпті балаларына дейін автошеруде жүр. «Сталин үшін», «Гитлер капут», «Берлинге аттандық» деген секілді айқұлақ ұрандар әр машинаның асты-мен үстінде өріп жүр. Қысқасы, агрессияға толы бір ауқымды әрекетке беталған адамдардың кейпін аңдау қиын емес.

2(587)

Тиым салынған соң, жол полицейлері олардың шеру ұйымдастыруына рұқсат берген жоқ. Барлығының құжаттарын тексеріп, кейбіреуіне көліктеріне заңсыз құрылғылар (пушка) орнатып алғаны үшін айыппұл да салды. БҚО Ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов оларға тиым салынған автошеруге қатысуға болмайтыны туралы түсіндірді. Автошеру қала көшелеріндегі қатынас қозғалысына кедергі келтіретінін айтып, оларды тарап кетуге үндеді.

Ендігі сұрақ, олар 9 мамырда автошеруге тиым салынғанын біле тұра неге әдейі осы шараны ұйымдастырды дегеннен туады. Орал қаласы Ресейге жақын тұр және ондағы орыс-казактардың саны тығыз орналасқан. Жеңісті сылтауратып, әлдебір арандату әрекетіне ұмтылып отырмасына кім кепіл? Мүмкін, осы арқылы биліктің, халықтың тамырын басып көргісі келетін шығар. Жеңіс күнін тойлай берсін-ақ, оның мемлекет көлемінде де атап өтіп жатырмыз. Бірақ, үй ішінен үй тіккендей болған оралдық орыстар тиым салынған автошерумен қаланы дүрліктіріп, ту көтеріп, нені дәлелдмек? Кеңес одағының туын желбіреткендері өз алдына, ал Қазақстанда Ресейдің туын көтеретін не жөндері бар? Айтпақшы, жол полицейлері сол шерудегі бір көліктің Қазақстан туын алып жүруіне рұқсат етпеді. Себебі, заңсыз шеру, қитұрқы қимылдарда Мемлекеттік туымыз қолжаулық болмауы керек. Бұл өте дұрыс қадам болды.

Қорытындылай айтсақ, ұйымдастырушылар бұл шеруге ерте дайындалып, үлкен мақсатпен кіріскені байқалады. Осынша көлікті безендіріп, адамдарды ұйымдастырып, заңсыз шеруге алып шығу, құқық қорғау оындарының тиымына түкіріп қарау олардың арғы ойында бір арамдық барын аңдатқандай. Әрине, тырнақ астынан кір іздеп, «желп» еткеннің бәрін жау қылу ойымызда жоқ. Бірақ, сақтық та керек. Украинаның шығысын ойрандап, Қырымды жаулап, көршілеріне лаң салып жатқан Ресей сеператистері Қазақстанды да төңіректемейді деп айта алмаймыз. Олар осындай «ұлы жеңіс» деген ұрдажық ұрандармен өзгелерді елеуретіп, соңдарына ерткісі келеді. Елдің тыныштығы мен бірлігіне, отанның тұтастығына ірікті салғысы келеді. Бірақ, қазақ халқы енді өзінің бір сүйем жерін де өзгелердің сумақы қолына бере алмайды және бұндай арандатушы, арам ойлы «автошрулердің» лайықты түрде алдын алып, аяғына тұсау салады. Ондай күш бізде бар.

3(580) 5(546) 6(514) 7(499) 10(435) 11(419)

Жебе НОЯН

Сурет: tengrinews.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір