• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 03:36:01
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

28 Ақпан, 2019 Саясат

Ханойдағы саммит: Дональд Трамп пен Ким Чен Ын ешқандай келісімге келе алмады

Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне бүкіл мемлекеттер кепілдік беруі тиі

27-28 ақпан күндері Вьетнамның астанасы Ханойда АҚШ пен Солтүстік Корея президенттері кездесті. Бұл бетпе бет жүздесуден барлық әлем бір жылылық күткен. Алайда Вьетнамдағы кездесу ешқандай нәтиже берген жоқ. Ақырында екі жақтың делегациясы қатысқан саммитте  президенттер ешқандай құжатқа қол қоймай тарасты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс мәлім етті.

Осыдан бірер жыл бұрын АҚШ пен Солтүстік Корея президенттерінің Сингапурде бірінші саммиті өткені белгілі. Енді міне сегіз айдан кейінгі жүздесу де еш нәтиже бермеді.

–АҚШ жағы талап еткен мәселелерге Солтүстік Корея дайын болмай шықты,–деп жауап берді бұған қатысты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс.

Ал ақиқатын айтар болсақ, бұл қандай мәселе?  АҚШ тарапы о бастан Солтүстік Кореяны ядросыз мемелекетке айналдыруды көздеді. Бірақ ядролық шоқпары бар мемлекет Трамптың ыңғайына көне қойсын ба?

АҚШ президенті Дональд Трамп «бұл кездесу нәтижелі болды» деп қайталап айтқанымен, сарапшылар оның жемісті өткеніне келіспейді. Солтүстік Кореядан пойызбен Ханойға келген Ким Чен Ын өз елінің ядросыз мемлекетке айналуы қаламайтынын да ашып айтқан. Бұл мәселе бұрыннан да белгілі.

–Бұл салада біз үлкен прогреске жеттік. Бірақ АҚШ тарапы үшін үлкен нәтижелі кездесу бола қойған жоқ. Ким Чен Ын бұған дайын болмай шықты. Дегенмен, әлі де жүздесулер жалғасады, –деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс.

Тіпті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын жеке кездескенде де, ертеңіне кеңейтілген құрамдағы жүздесуде де екі жақ ешқандай келісімге келе алмады. Осы уақытқа дейін Солтүстік Кореяға орасан зор санкция салып келген АҚШ бұл жолы тағы да оларды қысымға ала ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз күйінде қалды. Соған қарағанда, Корей түбегіндегі күрделенген жағдай сол күйінде қала беретін сияқты. Дегенмен, кездесуден кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны ядросыз елге айналдыру мәселесі күн тәртібінде қала беретінін айтты.

–Біз Солтүстік Кореяны ядросыз елге айналдырғымыз келеді. Пхеньян ең мықты экономикалық елдің астанасы болуы тиіс. Мұны Ким Чен Ын да түсініп отыр. Бұл ретте бізге Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен Ресейдің көмегі керек,– деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Расында да Қытай мен Ресей Солтүстік Кореяның ядросыз мемлекетке айналуын құптамайды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ойынша, «егер бұлай бола қалған жағдайда, Солтүстік Кореяның қауіпсіздігіне бүкіл мемлекеттер кепілдік беруі тиіс. Бірақ бұл сенімсіз нәрсе».

–Ресейдің Солтүстік Кореямен 28 миль қашықтықта шекаралық шектесуі бар. Мұның өзі көп нәрсені байқатады. Біздің ойымызша, Пъхенян Ресейден көп көмек алып отыр. Бірақ жағдайды реттеуге Ресей барынша атсалысып отырған жоқ. Ал  Солтүстік Корея елге керек-жарақтың бәрін Қытайдан алады. Мәселені шешуге Қытайдың мүмкіндігі де өте үлкен. Сондықтан түйіннің тезірек шешілуі ең алдымен аталған екі елге байланысты, – деп атап өтті Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сондерс.

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір