• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:15:38
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2019 Тәлім мен тәрбие

Ең жаман қарғысты білесің бе?

"Жерге кіргір", "тұқымың құрығыр", "көсегең көгергір" ...

"Ең жаман қарғысты білесіңдер ме?" - деп сұраған еді бір мұғаліміміз кезінде. Әркім әрқилы естіген "сөйлемдерін", "тіркестерін", "баталарды" қарғысқа теліп, айта жөнелді.

"Жерге кіргір", "тұқымың құрығыр", "көсегең көгергір" (қарғыстай естілгенімен, мұның бата екенін ұқпағандар да бар еді), "Құдайдан жеткір",... аналарының ашуына тиіскенде еститін сөздері, біреуге кесірі тигенде еститін сөздері... әйтеуір жамырай жөнелдік.

"Таппадыңдар" деді апайымыз. "Енді қандай қарғыс?" - деп, барлығымыз аң-таң болдық. Жер бетіндегі ең жаман қарғыстарды біз ғана естігендей, бұдан да басқасы бар ма дегендей таңырқап.

"Онда мен айтайын. Біліп жүріңдер. "Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген - ең жаман қарғыс" - деді апайымыз. Әрине, ол кезде әншейін тіркестей, болмашы сөздей болып көрінген. Байыбына барып, сөз мәнін ұқпағанымыз да анық.

Қазір ойланып қарасам, расында да, ең жаман қарғыс сол екен-ау. Бұл сөзді маған ешқашан ешкім айтпағанына қатты қуанамын... Ешкімге ешқашан ешкім айтатындай жағдай тудырмаса екен... Сөз сүйектен өтетіні рас-ау. Тек жақсы сөз сөйлеп жүрейік әрқашан... кімге болса да... Сонда өзіміз де тек жақсы сөз еститін боламыз.

Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір