• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:58:11
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Дәл қазір Мәскеудің орталығындамын. Қарапайым ғана нәрсені түсіне алмай отырмын, құрметті ресейліктер!

Сіздердің іні-қарындастарыңыз үшін біздің елде 1500 орыс мектебі бар. 1 мектепте 2400 славян білім алады деп есептесек, 3 млн 600 славян орысша оқып жатыр.

Енді 900 мың Ресейдегі қазақтарды есепке алып, математикалық пропорцияға салсақ, онда ең аз дегенде 360 қазақ мектебі болуы шарт.

Сіздер бұндай құқықты қазақтан басқа Ресейде тұрып жатқан татар, кавказдарға да бермей отырсыңдар. Қайда сіздердің көп ұлтты мемлекет болғандарың?

Мен сіздердің үкіметке 360 қазақ мектебін ашуды сұрай алмаймын. Алайда өз елімдегі биліктен Қазақстандағы 1500 орыс мектебін жабуды талап ете аламын.

Әрине сіздер ол кезде маған «фашист», «ұлтшыл» деп атыласыңдар.

Енді осыдан кейін өздеріңнің кім екендеріңді өздеріңіз айтыңыздар. Ұлы орыс шовинизмі боп қалсаңыздар, сіздердің болашақтарыңыз жоқ. Мемлекеттеріңде осындай үлкен мәселе тұр. 

Арман Шораевтың фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір