• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:01:06
Алматы
+35°

10 Наурыз, 2019 Спорт

Әйгілі орыс шахматшысы Карякинді қазақ жігіті ұтып кетті

Сергей Карякин "асқан шеберлік" танытты, бірақ қазақстандық басым болды.

Ринат Жұмабаевтың жеңісіне қарамастан, ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалды.

Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы Сергей Карякинді ұтты.

Қос шахматшы командалық әлем чемпионатының бесінші  жарыс күні кездескен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

"Өте қиын партия болды. Бірақ әу бастан басымдықты өз қолыма алдым. Қарсыласым әдеттегідей керемет ойын өрнегін көрсетті", - дейді мерейі үстем болған Ринат Жұмабаев.

Сергей Карякин, оның айтуынша, бес сағаттан артық қорғаныста ойнап, қысымға шыдамай, қателік жіберген.

Федерация атап өткендей, Сергей Карякин "асқан шеберлік" танытты, бірақ қазақстандық басым болды.

Бірақ отандасымыздың жеңісіне қарамастан, еліміздің ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалыпты.

Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен кездесіп, тең түскен.

Бесінші турдан кейін турнир кестесіндегі бірінші орында Ресей тұр, одан кейін Үндістан мен Англия келе жатыр. Қазақстан құрамасы жетінші орынға табан тіреді.

Шахматтан командалық әлем чемпионаты Астанада наурыздың 4-і мен 14-і аралығында өтіп жатыр. Жарыста 14 елден келген он ерлер және он әйелдер құрамасы бақ сынасуда.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы сапында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова, Ринат Жұмабаев, Муртас Кажгалиев, Ануар Исмағамбетов, Денис Махнев пен Петр Костенколар өнер көрсетуде. 

Шаршы тақтада Қытай, Әзербайжан, Иран, АҚШ, Мысыр, Ресей, Швеция, Англия, Үндістан мен Украина, Грузия, Мажарстан мен Арменияның үздіктері жарыс көрігін қыздыруда. Олардың арасында әлем мен әр құрлықтың чемпионы атанған мықтылар да аз емес.

 
Ұсынған: Мақпал Сембай
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір