• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:24:35
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 Фото-баян

"Бұлардың жанында қорқынышты фильм түк емес". Әлемнің қатыгез екенін дәлелдейтін 16 фото

Мұрағатта жатқан тарихи суреттерден қуаныштың, шаттықтың лебі еспейді.

Мұрағатта жатқан тарихи суреттерден қуаныштың, шаттықтың лебі еспейді. Бүкіл әлемді мұң басқан сәттер әр ғасырларда көп болды. Төмендегі фотосуреттер соның дәлелі.

Жұмыстан шыққан жас шахтерлер. АҚШ, 1911 жыл

Жас шахтерлер

Еңбек биржасына кезекте тұрған ер адамдар, Ұлы депрессия заманында бір жұмыс табылып қалар деген үмітті арқалағандар, 1930 жыл

Еңбек биржасы

Освенцим концлагерінің қызметкерлері демалыста, 1944 жыл

Концлагерь қызметкерлері

16 жастағы неміс солдаты. АҚШ әскері оның базасын басып алғаннан кейін немістердің жеңілгеніне ашынған бозбала, 1945 жыл

Неміс баласы

30 жастағы полковник Пол Тиббетс, Enola Gay ұшқышы, ұшар алдындағы сәт, 1945 жыл

Хиросима

Полл Тиббетс Хиросиманы бомбалау операциясын жоспарлап, іске асырған. Ал бұл – 80 мың адамның өмірін жалмаған бомбалау алдында түсірілген сурет. Бір сұхбатында Тиббетс егер осындай жағдайға қайта тап болса, өз әрекетін қайталайтынын әрі еш өкінбейтінін айтқан.

Банктің ашылғанын күтіп отырған адамның силуэті. Ядролық жарылыстан соң силуэт қалып қойған, 1945 жыл

Силуэт

Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары. Дүкен сөрелерінде кеңінен таралған тауар түрлері, 1946 жыл

Соғыс

Шахтердің әйелі мен балалары, Кентукки, 1946 жыл

Шахтердің отбасы

Ерлі зайыптылар 6 бала және 6 немересімен жарығы мен суы жоқ 3 бөлмелі пәтерді жалдап тұрды

Алабама дүкенінің кіре берісінде «Ақ нәсілділерге арналған» деп жазылып тұр, 1956 жыл

Қара нәсіл

Германиялық әскери тұтқын қызымен қауышып тұр. Қызы 1 жаста болғанда тұтқынға түскен, 1956 жыл

Неміс тұтқыны

Жануарлар бағына кіреберісте «Бүгін ақ нәсілді адамдар кіргізілмейді» деп жазылып тұр, 1959 жыл

Қара нәсіл

Себебі афроамерикалықтарға аптасына 1 рет зообаққа кіруге рұқсат етілген. Ал америкалықтар олармен қатар жүрмейтін.

Шығыс Берлиндегі Вилли Финдер 4 жастағы баласын терезеден лақтырды, 1961 жыл

Германия

4 жастағы баласын Батыс Берлинге жіберу үшін әкесі оны терезеден лақтырады. Ал астынан өзге адамдар ұстап алды.

Күрд босқындары Ирак-Түркия шекарасында 1 нанға таласып тұр, 1922 жыл

Күрд босқындары

Терактіден кейінгі Нью-Йорк ғарыштан түсірілген, 2001 жыл 12 қыркүйек

Нью-Йорк

Ана мен бала жедел тамақтандыру орталығында, Нигер, 2005 жыл

Ана мен бала

«Катрина» дауылынан кейін су тасқынынан аман қалған ер адам, Жаңа Орлеан, 2005 жыл

Катрина дауылы

Апат салдарынан қалада 1833 адам қырылып, 100 мыңға жуық тұрғын баспанасыз қалды. «Катрина» дауылы АҚШ тарихындағы ең жойқын апаттардың бірі ретінде саналды.

Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір