• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:22:38
+35°

12 Наурыз, 2019 Саясат

«Халық жеңді!» Алжирліктер президент отставкасын тойлап жатыр (фото)

Бутефлика бұған дейін төрт рет сайлауға түсіп, жеңіске жеткен.

Алжир астанасының тұрғындары 82 жастағы президент Әбделазиз Бутефликидің отставкасын тойлауға көшеге шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Күні кеше Алжир президенті бесінші рет президент сайлауына түспейтінін мәлімдеген еді.

♦82 жастағы президент сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Жаңалықты ести сала ту ұстаған халық қаланың орталық аудандарына шығып «Халық жеңді! Халықтың қолынан келді!» деп ұрандатуды бастап кетті.

Алжир

10 ақпанда Алжир президенті Әбделазиз Бутефлика сәуірде өтетін сайлауға қатысатынын жариялаған. Оның жазбаша мәлімдемесін мемлекеттік телеарналардың бірі таратты. Осыдан кейін елде жастар жаппай наразылыққа шығып, Бутефликаның биліктен кетуін талап етіп жатыр. 2 наурызда мыңдаған адамның наразылығын полиция күшпен басуға тырысқан. Полициямен қақтығыста 180-ге жуық адам зардап шеккен.

Бутефлика бұған дейін төрт рет сайлауға түсіп, жеңіске жеткен. 2013 жылы инсульт алып, содан бері жұрт алдына шықпады. Мәлімдемелерін елдегі телеарнадағы тележүргізушілер немесе маңайындағы көмекшілері оқып жүр. Халықаралық ақпарат агенттіктері Бутефликаның қазір Швейцарияда емделіп жатқанын хабарлаған. Ол 11 наурызда Швейцариядан елге оралған. Әлемдік ақпарат құралдарының жазуынша, алты жыл бұрын инсульт алған Бутефликаның жүріп-тұруы қиын.

Әбделазиз Бутефлики

1991 жылы Алжирде исламистік топтар мен билік арасында азаматтық соғыс басталды. Бутефлика билікке елдегі азаматтық соғыс кезінде, 1999 жылы, келді. Ол Алжирдегі азаматтық соғысты тоқтатып, елде бейбітшілік орнатты. Қазір наразылыққа шыққандардың арасында "президентке қарсы емеспіз, ол Алжир үшін көп іс тындырды. Бірақ қазір президент болуға денсаулығы келмейді" дейтіндер де бар.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір