• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:24:25
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

14 Наурыз, 2019 NEWS

Ақтөбеде 5 балалы үй өртке оранды

Көп балалы үй өртке оранып, анасы мен балалары әрең дегенде құтылып шыққан

Көп балалы үй өртке оранып, анасы мен балалары әрең дегенде құтылып шыққан. Қазір олар шенеуніктер бөлген уақытша үйде тұрып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтының дерегіне сүйеніп.

9 наурыз күні Ақтөбеде 5 баласы бар үй өртке оранған. Белгілі болғандай, балаларының ең кішкентайы 4 жасар болса, ең үлкені 15 жаста екен. Бұл отбасының тек отағасы ғана жұмыс істейді екен, сондықтан өрт шыққан кезде ол үйінде болмаған, ал анасы балаларымен әрең дегенде өрттен құтқарылып шыққан.

Ақтөбе

Бес баланың анасы терезені сындырып төрт баласын сыртқа шығарған, бесіншісін енді шағарайын деп жатқанда түтіннен уланып, есінен танып қалыпты.

«Мен 9-ы күні жұмысқа кеткен болатынмын, ал 15 жастағы үлкен қызым көршілерге барған. Өрт сағат 10:00 шамасында басталыпты. Қызым дереу үйге келгені дұрыс болыпты, сол әйелім мен кішкентай қызымды сыртқа алып шыққан», - дейді бес баланың әкесі Зейнулла Бекмағамбетов.

Ақтөбе

Өртенген үйдің тек күлі ғана қалған. Жергілікті шенеуніктер бұл отбасыға уақытша екі бөлмелі пәтер беріпті.

«Өрттен зардап шеккен отбасыға жер береміз, кейін демеушілердің көмегімен жаңа үй салуға құрал-жабдықтар аламыз», - деді Ақтөбе әкімдігінде.

Белгілі болғандай, өрт АЗС ауданында орын алған. Сайжайлар учаскесінде 80 шаршы метр өртенген. Улы газбен уланған болуы мүмкін деп 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Өрттің нақты себептері анықталуда.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өрт болған жерге келіп, жағдайды өз көзімен көрді де, әкімдіктегілерге зардап шеккен отбасыға барынша қолдау көрсетуге тапсырма берді. Бұл үшін арнайы комиссия да құрылған, зардап шеккен отбасы мүшелерімен бүгінде психологтар жұмыс істеуде.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір