• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:02:19
Алматы
+35°

15 Наурыз, 2019

Әли Оқапов Димаштың жанкүйерлерінен кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

"Біріншіден, Димаш туралы айтқан пікірім көңілдеріңізге тисе кешірім сұраймын. Мен Димаш немесе оның жанкүйерлері туралы жаман пікір айтқым келмеді. Менің айтқан пікірімді көпшілік дұрыс түсінбей жатыр. Мен Димашты 10 жылдан бері танимын. Ол ерекше дауыс иесі және дарынды жігіт. Бұрыннан сондай еді. Қазір мұны бүкіл әлем біледі және бұл факт. Ол жан-жақты әрі кәсіби әнші. Ал менің пікірім оның келесі жеңісі әлемдік хитті орындауы болса деген ниеттен туындаған болатын. Әрі бұл жаңа ән болса екен деймін. Димашты вокалист және әртіс ретінде бүкіл әлем мойындайды. Енді жанкүйерлер Димаштан келесі қадам жасауын күтуде. Сондықтан ол өз даусымен де, әнімен де әлемді таңғалдырса екен. Егер менің пікірім біреу-міреуді ренжіткен болса, тағы да кешірім сұраймын. Мен ешкімді сынап-мінегім келген жоқ. Тек журналистердің халыққа ақпаратты дұрыс жеткізбеуінен жапа шектім. Көптеген БАҚ-өкілдері "Оқапов Димашты сынға алды" деп ақпарат таратты. Бұл - жалған. Менің айтқан сөздерім тек жақсы ниетте айтылған еді. Біз Димашқа көптеген жеңіс тілейміз. Оған жақсы болсын деген ниетте айтылған кеңестер жанкүйерлердің ренішін тудыруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Бірақ біз де Димаштың шығармашылығына алаңдаймыз. Бізге бәрібір емес екенін түсінсеңіздер.

Ал бүгінгі америкалық шоуда жасаған мәлімдемесі мені де таңғалдырды. Бұл біз үшін күтпеген жайт. Себебі көпшілік бұл шоуда Димаш жеңіске жетеді деп асыға күтті. Шындығына келгенде өнерде жас айырмашылығы маңызды емес. Бұл оның таңдауы. Димаш бұл қадамға музыкант ретінде емес адамгершілігі мол адам ретінде барды. Мен келесі  "Евровидение" байқауына қатысады деп үміттенемін. 

Мен тағы да кешірім сұраймын. Арандату үшін қойылған сұраққа жауап беремін деп кінәлі болып қалдым. Менің айтқаным қате екенін білемін, алайда келешекте сіздер мені түсінесіздер деп үміттенемін. Сондай-ақ менің отбасымды, анамды және менің шығармашылығымды балағаттауды тоқтатасыздар деп сенемін. Мен қателік жасағанымды мойындаймын. Алайда мен де пендемін, менің де қателік жасайтын кездерім болады", - деп ағынан жарылды Әли Оқапов. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

В первую очередь я приношу извинения если кого то обидел.Я не имел в виду ничего плохого по отношению к Димашу и его фанатам.Я с ним знаком уже около 10 лет и знаю его задолго до всех этих событий.Безусловно он феноменальный вокалист и талант и всегда таким был.Это знает мир и это факт.Он уникален и в этом его сила.И в том интервью я имел в виду что я бы хотел чтобы следущей его победой был мировой хит.Именно новая песня.Как идея это могло бы быть «евровидение» (это как раз конкурс песни) Потому что как вокалиста и артиста его уже признали все и теперь страна ждет следующего шага.Думаю было бы круто если бы следующей ступенью было бы покорить всех именно в этом плане-и голосом и песней.Повторю,я извиняюсь если кого обидел,но я абсолютно не имел в виду ничего плохого,просто мы все стали жертвами неправильного преподнесения информации и искажения журналистами. «Окапов раскритиковал Димаша» -это не правда.Это было пожелание и идея для дальнейших действий.Конечно мы все желаем Димашу только побед и по этому наверное иногда обижаем своими пожеланиями его слушателей,но это нормально) Это все от того что нам всем не все равно. А сегодня кстати на шоу это был неожиданный поступок,так как я думал что он в итоге победит.Если честно,музыке нет возрастов.В музыке все равны,но он решил повести себя как человек а не музыкант и в этом правды не меньше чем в остальном.Это его выбор и я думаю и надеюсь что следующим шагом будет «евровидение».Я снова приношу извинения,так как не правильно выразился и поддался провокации в виде специально поставленного вопроса.Я не прав,но надеюсь и вы меня поймете и перестанете оскорблять меня,мою маму,семью и мое творчество.Это ошибка и я признаю это.В конце концов я тоже человек и склонен ошибаться.Но,сутью было то что на самом деле это была идея для развития и дальнейших побед Димаша) в общем надеюсь в этот раз я донес все правильно и история на этом получит только светлое продолжение) бiр жас құтты болсын) Кешiрiмдi болайық) ???

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір