• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:07:46
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2019 Тәлім мен тәрбие

«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Қазір біз қазақ қызының бейнесін, болмысын ұмытып бара жатқандаймыз.

Жалпы, қазақ қызы қандай болуы керек? Ол жайлы ойлай бермейміз де. Олай болса, өз бойымыздағы қасиеттер мен мінез-құлықты саралап, қазақ қызының болмысындағы қасиеттермен салыстырып көрелік!

Қазақта қыз баласының жүріс-тұрысы салмақты болып,  сызылып, ұяң да инабатты, сыпайы болған.Орынсыз жыртыңдап, күлмеген. Үлкен кісілердің сөзін бөлмеген.Етегі ұзын, кең көйлек киген. Ешкімнің алдын кесіп өтпеген. Дауыс көтермей, бәсең дауыспен сөйлеп, басқаларға қол тигізбеген.Кешкілік жалғыз жүрмеген.Өтірік, өсек айтпаған. Талтайып отырмаған. 
Тамақты асап жемеген. Бұраңдап, қылымсымаған. Салт-дәстүрден аттамаған. Ішімдік ішпеген, шылым шекпеген. Үлкен-кішіні сыйлаған. 

Әрине, мұның бәрі ескіліктің емес, тектіліктің белгісі.

Ал бүгінгі күнгі қазақ қыздарының бейнесі қандай? Көпке топырақ шашу жарамас, әйтсе де қазақ қыздарының көшеде түтіндетіп шылым шегіп, әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш суретін жүктеп, өзге ұлт өкілдерінің құшағында кетіп бара жатқанын көргенде, шарасыздықтан не істеріңді білмей, іштей қынжыласың. Осы тұрғыда «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Әрине әсемдіккке, әдемілікке құмар жандар сәнденгенді ұнатады. Тек ол өзіңе сай жарасып, сырт келбетіңді ашып тұрса.

Қазіргі күні «Қырық үйден тыйым» көрген, гүлдей нәзіктігі мен қос бұрымды қазақ аруларының азайғаны қалай? Жоқ, олай емес, қазақ қыздарының жүректері имандылық пен ибалылыққа толы дейін десең, арзан сыйға тәнін жалаңаштап, арын аяққа таптайтын қылықтары оған кедергі.

Қашанда иманды да, ибалы қалпынан таймаған қазақ аруларының инабаттылығы биік болғай!

Жансая Ахтай

Ұсынған: Ақерке Дүйсенбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір