• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:51:44
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Оқиғалар

Сағадиев сарсаңға салды, Күләш келіп трендке айналды (видео)

Бұл алдын-ала ұйымдастырылған пиар деген секілді пікірлердің де жоғын жасыра алмаймыз.

Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова Жаңаөзен қаласындағы білім ордаларын аралап, балалармен тілдесті  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Министр жаңаөзендік балалармен кездесу барысында олармен емін-жарқын әңгімелесіп, балалардың тілін таба білді. Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары министрдің бұл әрекетін жоғары бағалап, оң пікір білдіріп жатыр. 

Министр: Мектептің іші қалай? Жақсы ма?

Оқушылар: Жақсы.

Министр: "Жаратылыстану" деген жаңа пән енгізілді. Қалай қызық па?

Оқушылар: Иә, қызық. Күшті.

Министр: Ал несімен күшті?

Оқушылар: Барлық сұрақтардың жауабын біліп жатырмыз. Бәрін түсіндіреді. 

Министр: "Неге қыста қар жауады, неге жазда жаңбыр жауады?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрдіңдер ме?

Оқушылар: Жоқ.

Министр: Енді іздейсіңдер ме?

Оқушылар: Иә. 

Министр: Жақсы, балалар! Оқулық жетеді ме?

Оқушылар: Иә, жетеді. 

Министр: Мектеп жылы ма?

Оқушылар: Иә, жылы. 

Министр: Қазір мектептен үйге қайтқыларың келмей тұр ғой?!

Оқушылар: Иә. 

Министр: Себебі мектепте қызық па?

Оқушылар: Иә. 

Министр: Жақсы, балалар, жолдарың болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын! Аман болыңдар! Бақытты болыңдар!

Оқушылар: Сізге де рақмет! 

Министр: Рақмет, айналайын! 

Сағадиевтің стратегиясынан кейін халық сапалы білім мәселесіне күмәнмен қарап қалған еді. Экс-министрге неше түрлі сөз де, пікір де айтылды. Бірақ ол бар пәледен үнсіз ғана құтылды. Халықты біраз әуре-сарсаңға салды. Енді Гарвардта білімімді жетілдіремін деп мұхит асып кете барды. Ал қазір жаңа Үкімет халықтың әл-ауқатын айды аспанға бір-ақ шығарып жақсартпаса да, халық бірнеше министрді жылы қабылдай бастады. Олардың қатарында бұрын мектеп қабырғасында сабақ берген Күләш Шамшидинова да бар. Ол министр бола сала "балалар ең бірінші ана тілін меңгеру керек" деп халықты бір қуантты. Кейін көптен күткен Әліппенің оралатынын айтты. Бұл жаңалықтан кейін халық сүйінші сұрап, шүкір десті. Ендігі кезекте жаңаөзендік балалармен әңгімелесіп, олардың тілін таба білуі де әлеуметтік желіде көп лайк жинап, жақсы комментарийлерге ие болды. Бұл алдын-ала ұйымдастырылған пиар деген секілді пікірлердің де жоғын жасыра алмаймыз. Десек те Күләш Шамшидинова халықтың бұрынғы министр өшірген үмітін қайта жаққандай болды. Бастамасы жаман емес әйтеуір. Ендігі кезекте айтылған уәделердің уақытылы орындалғанын күтеміз! 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Министр образования и науки Куляш Шамшидинова посетила школу-гимназию в городе Жанаозен

Публикация от Ащы шындық!АҚИҚАТ (@shyndyk_kaz)

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір