• USD 416.91

  • EUR 446.47

  • RUB 7.34

  • CNY 62.53

25 Мамыр, 05:59:37
Алматы
+16°

20 Наурыз, 2019 Саясат

Медведевтің мақтауы: "..ұмытқан емеспіз"

Көрші Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевтің осы тарихи шешімге байланысты фейсбук әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасы

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы күні кеше халыққа өз ризашылығын білдіре отырып, президенттік тақтың орнын өз еркімен босатты. Qamshy.kz ақпарат агенттігі көрші Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевтің осы тарихи шешімге байланысты фейсбук әлеуметтік желісінде жариялаған жазбасын оқырман назарына ұсынады.

«Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметімен қош айтысты. Ол қазіргі Қазақстанның негізін салған азамат. Оның арқасында бүгінгі Қазақстанның экономикасы дамыған, қазақ мемлекеттілігінің барлық саласында үлкен өзгерістер енгізілген.

♦Назарбаевтың отставкасына қайғырған 3 президент

Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграцияның негізін салғанын ұмытқан емеспіз. Ол 25 жыл бұрын еуразиялық экономикалық одақты құру идеясын айтқан азамат.

♦Валентина Матвиенко: Келесі президенттің кім болатынын тек Қазақстан халқы шешеді (видео)

Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге атқарылған жұмыстарға жоғары баға беремін. Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасының дамуына, екі халық арасындағы татулықтың нығаюына зор үлес қосқанын ризашылықпен еске аламын».

Ұсынған: Жазира Байдалы

 

Zhazira Baidaly

Шымкентте туған Қостанайдың қызы. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журфагының түлегі. Астанадан Алматыға "Айтуға оңай" үшін ұшып келген қыз. Алаш-орданың 100 жылдығына орай "Ақ жол" партиясы табыстаған арнайы медальдің иегері. Жер жарған атақ-даңқы жоқ, әзірге..)

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір