• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

23 Наурыз, 2019

Димаштың Кремльдегі алғашқы концертінің толық нұсқасы шықты (видео)

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі Кремль сахнасындағы алғашқы жеке концертіне 56 елден фанаттар келді.

Күллі әлемге қазақ атын танытқан Димаш Құдайбергеннің Ресейдегі ең алғашқы концерті күні кеше Мәскеудің Кремлінде керемет деңгейде өтті.

Vladimir K есімді азаматтың youtube.com-дағы жеке каналында Димаштың Кремльде өткен концертінің толық нұсқасы шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылдың желтоқсан айында әнші Кремль сарайының сахнасында өнер көрсететінін хабарлаған еді. Әуелі Димаш бір концерт беруі тиіс еді, бірақ билеттер жылдам сатылып кетіп, ресейлік тараптың өтінішімен қазақстандық әнші келесі күні де сахнаға шығуға келісім берген еді. 

Жанды дауыста өткен ән кеші үзіліссіз тура 3 сағатқа жалғасты. Осы уақыт аралығында Құдайбергенов репертуарындағы қазақ, орыс, француз, ағылшын тілдеріндегі әндерді, сондай-ақ, жаңа туындыларын орындады.

Дауыс мүмкіндігі 6 октаваға дейін баратын Димаштың өнерін 6 мың адам тамашалады. Концерт "Д-Династия" деп аталды. Оны ұйымдастыруға танымал ресейлік композитор Игорь Крутой атсалысқан. 

Залда отырған көрермендер Димаш ән салғанда денелері түршіккенін, үйлеріне қайтқан кезде де естерін жия алмағандарын айтты. 

Ұсынған: Мақпал Сембай 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір