• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:54:03
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 NEWS

Атырауда Назарбаев үшін басқа көше іздестірілуде

— Енді не болады?, - деп сұрады журналистер Рысқалиевтан.

Атырауда Назарбаев үшін басқа көше іздестірілуде деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azh.kz сайтының дерегін негізге алып. 

20 наурызда Атырау мәслихатының сессиясында депутаттар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиевтың Сәтпаев даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсынысын бірауыздан қолдап, дауыс берген болатын. Бірақ сол күні республикалық ономастикалық комиссия бұл шешімді қабыл алмай, бұл үшін "өзге көшелер мен объектілерді" табуды ұсынды. 

— Енді не болады?, - деп сұрады журналистер Рысқалиевтан.

— Басқа көшені іздейміз, лайықтысын таңдаймыз. Әзірге ұсыныс жоқ.

Ұсыныс: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір