• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 11:24:44
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

27 Наурыз, 2019 NEWS

Елордада болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер шықты

Араға біраз секунд салып, соққыға тап болған басқа машинадағы адамдар автобусқа жақындай бастады

Таңертеңгі сағат 9-дан асқан уақыт. Жұмысқа асыққан жұрт нөпірінің саябырсыған сәті. Елорда шетінен қалаға қатынайтын автобус бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған өзге көлікке келіп соғылады. Араға біраз секунд салып, соққыға тап болған басқа машинадағы адамдар автобусқа жақындай бастады.

Автобус алдымен өзге қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Екі ортада жаншылып қалған соңғы жолаушының денесі құтқарушылар мен көмекке келген азаматтардың қолымен шығарылып жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Дәл қазіргі уақытта жарақат алғандардың барлығын жедел жәрдем көліктері ауруханаларға алып кеткен. Қазір жолды автобустардан босату жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына жедел жәрдемнің жиыны 15 бригадасы келген. Соңғы ақпарат бойынша, 2 адам көз жұмды. 36 адам жарақат алды. 7 азамат ауыр жағдайда. Олардың өмірі үшін дәрігерлер күресуде. Зәуреш Өтемісова соғылған автобустың ішінде болған екен. Ауыр соққыдан мұрны сынған.

«Әдеттегідей жұмысқа бара жатқанмын. Автобус іші апат кезінде жартылай бос болған. қолыммен бетімді жауып қана үлгердім. Бір сәтке есімнен танып қалыппын. Көзімді ашсам, адамдар айқайлап, шулап жатты», - дейді Зәуреш Өтемісова.

Көз жұмғандардың бірі 301-ші бағыттағы, жылдамдықпен келіп соғылған автобустың жүргізушісі, 53 жастағы Абай Оспанов. Екіншісі 24-тегі жолаушы Айзат Нурекенова. 

«Бұл әрекет ҚР ҚК 345 бабы бойынша, яғни, жол жүру ережесін өрескел бұзып, осының салдарынан 2 және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып6 сараптамалар тағайындалады, оның ішінде сот-медициналық сараптама, автотехникалық сараптама», деп мәлімдеді қалалық Полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Софья Қылышбекова.

Тілші: Камераға түсіп қалған бейнеге қарағанда автобус тежегішін баспағандай көрінеді. Автобустың техникалық жағдайы қалай болғанын білмек болып автопаркке беттедік. Ондағылар 2014 жылы шығарылған қоғамдық көлікте мін болмаған деп отыр.

«Толықтай барлығын механик тексеріп, печатін қойып берген ғой.  Күнделікті тексеріледі ме?  Күнделікті тексереді, кешке кіргенде және таңертең.  Автобустың тормозы ұстамай қалды деген болжам, мүмкін бе?  Жоқ, бұл жерде мүмкін емес», - деді автопарк механигі Мейрам Мұсаев.

Тілші: Тағы бір болжам, жүргізушінің денсаулығы сыр беруі мүмкін. Абай Оспановтың 9 жылдай тәжірибесі бар. Автопаркке екі жыл бұрын келіпті. Қызметте де, денсаулығында да мін болмаған, құжат бойынша.

«Жүргізуші таңғы сағат 6-30-да медициналық тексеруден өткен. Денсаулығында мін болмаған. Егер өзі жайсыз сезінсе, рейске шықпаушы еді. Жыл сайынғы тексеруден соңғы рет 4 ай бұрын өтті. Жұмысқа жарамды деген қорытынды бар», деп айтты "Астана LRT"  компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Автопарк басшылығы жүргізуші мерекелік демалыстан соң жұмыстағы екінші күніне кіріскен дейді.

Оқиғаның нақты себебін енді тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Мерт болған автобус жүргізушінің артында 4 баласы қалған екен. Туыстарымен тілдескенімізде, ол кезінде Чернобль апатының салдарымен күреске қатысқанын білдік. Ал қапыда көз жұмған жолаушы Айзат бір баланың жалғызбасты анасы болыпты.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір