• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 04:17:29
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

27 Наурыз, 2019 Оқиғалар

АҚШ сотымен өлтірілген ең жас қылмыскердің кінәсіздігі 70 жылдан кейін дәлелденді (фото, видео)

XX ғасырда 14 жастағы бозбала «қылмыскер» атанды, ешқандай тергеусіз, дәлелсіз, куәгерсіз...

Джордж Стинни – АҚШ-та өлім жазасына кесілген ең жас «қылмыскер». Иә,  XX ғасырда 14 жастағы бозбала «қылмыскер» атанды, ешқандай тергеусіз, дәлелсіз, куәгерсіз, тіпті заңсыз...

Сот залында Дордж қолына Інжіл ұстап тұрып, кінәсіз екенін дәлелдемек болды. Алайда түк шықпады. Себебі сотқа қатысушылар да, сот төрешілері де, адвокаттар да ақ нәсілді болды. Сот отырысы екі сағатқа созылды, ал үкім 10 минутта кесілді. Кәмелет жасқа толмаған бала екі қыздың өліміне кінәлі деп танылды.

11 жастағы Бетти мен 7 жастағы Мэридің өлі денелері Джордж тұратын үйдің маңынан табылған еді. Екі қызды бәзбіреу зорлап, өлтіріп, денелерін шіркеу маңындағы шіркеуге лақтырып кеткен. Джорджың ата-анасына балаларына жақындатпақ түгілі, түрмеде де керекті дүниелерін беріп жіберуге тыйым салды. Ақыр соңында биліктің бұйрығымен қаладан да қуылды.

Өлім жазасына кесілгенге дейін бала 81 күнін ата-анасынан жырақта, жалғыз өзі өткізді. Оның түсініктемелерін, ақталуға әрекеттенген сөздерін ақ нәсілділер ғана тыңдады. Тіпті адвокаты да балаға жолай алмады. Ал сотта баланың кінәсіз екенін дәлелдемек болған құжаттар негізсіз немесе қате деп танылды. Тіпті архивтерде баланың өлім жазасына кесілгені жайлы бір түйір қағаз ғана сақталыпты. Оның өзі заңдастырылмаған.

Джордж Стинни

1944 жылдың 16 шілдесінде 14 жастағы бозбала Колумбия түрмесінде өлім жазасына кесілді. Түрме қызметкерлері баланы қалай өлтіру керектігін ұзақ ойланды. Нәтижесінде, электрлік үстелге қолдарын байлап отырғызып, басынан 5, 380 вольтті өткізу арқылы өлімге қиды.

Ал 70 жылдан кейін Оңтүстік Каролиндегі сот Джорджың кінәсіз екенін дәлелдеді.

Алколу қаласының қақ ортасы темір жолмен бөлінген. Оның бір жағында ақ нәсілділер тұрса, екінші жағын қара нәсілділер мекендеді. Ал қыздар гүл алу үшін өзге ауданға өтіп кеткен соң із-түссіз жоғалған. Жергілікті тұрғын сотта қыздардың соңғы рет Стиннимен сөйлесіп тұрғанын көріп қалғанын айтты. Баланың кінәлі екенін дәлелдейтін жалғыз себеп – осы.

1988 жылы америкалық журналист, жазушы Дэвид Стауттың «Каролин қаңқалары» атты кітабы шықты. Онда Стиннидің өмірі бейнеленген. 1989 жылы дәл осындай атаумен режиссер Джон Эрманның фильмі экраннан көрсетіле бастады. Джорджың рөлін сомдаған Кенни Блэнк «Ең үздік актер» атағын жеңіп алды. Стиннидің оқиғасына қатысты режиссер Чарльз Бернеттің «83 күн» атты фильмі де шықты. Фильмде Стиннидің ісіне қатысты шынайы құжаттар көрсетілген.

Гүлім Жақан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір