• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 07:52:09
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

27 Наурыз, 2019 NEWS

Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділікке қатысты пікірін білдірді

Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс.

 Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Бұл туралы  ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғалиұлы Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.

♦Президент жағдайы төмен азаматтарға пәтер беруді мамырдан бастауды тапсырды

Сондай-ақ жиналыста Президент әкімдерге әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін 40 мыңнан астам жалдамалы пәтерлер беру мәселесін жеделдетуді және бұл үдерісті биылғы мамыр айынан бастауды жүктеді.

Ұсынған: Фариза Жомартқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Жақсыбай 31 Наурыз, 2019

Интеллектісі жоғары адам шыншыл болады, шын сөзі екеніне күмәнім жоқ.

Ерман 31 Наурыз, 2019

Орыс тілінен құтыла алмай жүргенде тағыда қосып қойдыма!, "жаралыға жабысқан",немесе "опять двадцать пять"!