• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:43:23
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Саясат

Совет Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язов 10 жылға сотталды

Әскерилермен қақтығыстың салдарынан 14 адам қаза тауып, 600 адам жарақат алғаны белгілі.

Вильнюстің аймақтық соты 1991 жылғы 13 қаңтарда ел астанасында орын алған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Өйтіп сот  үкімімен ССРО-ның бұрынғы Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының соңғы маршалы Дмитрий Язовты он жылға сотталды.

Сондай-ақ Кеңес Одағының бұрынғы офицері, «Альфа» тобының экс-командирі және запастағы полковник Михаил Головатов  12 жылдық жазасын алды. Бірақ екеуі де Ресейде тұратындықтан оларға үкім сырттай шығарылды.

Айта кетейік, 1990 жылдың 11 наурызы күні Литваның Жоғары кеңесі өзінің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы қаулыны жария еткені белгілі. Алайда ресми Мәскеу мұны қабыл алмады. Екі жақты тартыс келер жылға дейін өрбіді. 1991 жылдың қаңтар айында Литвада қарсылық акциясы күшейді. Осыған байланысты 13 қаңтарда елге ресми Мәскеу әскер кіргізді. Міне одан бері 28 жыл уақыт өтсе де, сот, тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 2016 жылы қарқын алған сотқа, сөйтіп үш жылдан кейін нүкте қойылды. Сот Литвадағы әскери арнаулы құрылымдық күшті басқарған Геннадий Иванов пен Юрий Мельді  4 және 7 жылға кесті. Ол екеуі бірнеше жылдан бері Литваның тергеу изоляторында қамалып отыр. Әскерилермен қақтығыстың салдарынан 14 адам қаза тауып, 600 адам жарақат алғаны белгілі.

Литва прокуратурасы «қаза тапқан адамдарды кеңес сарбаздары өлтірді» деп отыр, бірақ қандай да бір нақты дәлелдемелері жоқ. Сөйтіп үш жылға созылған тергеу ісіне ақыры нүкте қойылды. Бірақ ССРО-ның бұрынғы Қорғаныс министрі Дмитрий Язов мұны шыбын шыққан құрлы көріп отырған жоқ. Өйткені ол ешкімнің қолы жете бермейтін Мәскеуде, үйінде отыр.

 

 

 

 

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір