• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:06:47
Алматы
+35°

Димаш "Не? Қайда? Қашан?" атты бағдарламада және НТВ телеарнасының тікелей эфирінде әлемге танымал "Mademoiselle Hyde" әнін орындады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш әнді он жылдан бері әлемге әйгілі әнші Лара Фабиан айтатын. Енді бірнеше жылдық тарихы бар Mademoiselle Hyde әнін Димаш өз деңгейінде орындап шықты. Димаштың бұл әні де ресейліктерді тәнті етпей қоймады. 

Аталмыш әннің сөзін Лара Фабиан, әнін Игорь Крутой жазған. Тіпті Игор Крутой Димаш арқылы шабыттанатынын айтты. 

"Мен Димаш секілді әнші талай жылдан бері күтіп жүрмін. Мен енді ерекше шабытпен ән шығаратын боламын. Алдағы уақытта Димаштың және менің деңгейімдегі керемет туындыны жарыққа шығаратынымызға сенеміз", - дейді Игор Крутой. 

Димаштың әнін естіген Лара Фабиан "Димаш - өзге ғаламның баласы", - деп пікір білдірді. 

Ал Димаштың жанкүйерлері әншінің актерлық шеберлігін жоғары бағалауда. 

"Не деген актерлық шеберлік! Періште мен шайтанның бейнесін көрсетті. Бастапқы кезде сұр жыландай көзқарас пен періштенің күлкісі, ал әннің соңында шайтанның көзқарасын көрсете білді!" деп жазды жанкүйерлердің бірі. 

"Жер бетіндегі ешқандай шектеусіз, емін-еркін, өз қалауынша ән айта алатын жалғыз Димаш шығар" деп жазды Андрей Сталбовой. 

Иә, Димаш барлық қырынан талантты. 4 минуттың ішінде періште де, әзәзіл де болу тек Димаштың қолынан келеді. Оның актерлық шеберлігі бүкіл әлемді таңғалдыруда. Бір әнді орындау барысында қалайша 360 градусқа өзгеруге болады. Бұл ғажайыпты тек Димаш жасай алады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір