• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:11:45
Алматы
+35°

28 Наурыз, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Елімізде орын алған қазалы оқиға барша халықты есеңгіретіп жібергені рас. 13 азаматтың өмірін жалмаған жантүршігерлік апатқа қатысты қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Адам жоғалтқан жандар ғана біледі, бұл қазаның өте ауыр екенін.

Он үш отбасы ойрандалды! Жәй ғана оқу жаттығуынан он үш адамнан айрылып қалдық. Соғыс болса, бәріміз қырылып қалады екенбіз ғой. Мемлекетім жайлы жаман жазғым келмейді, бірақ қашанғы жалғаса береді?

Былтыр Ақтауда теңіз оқу жаттығуында осылай жағдай орын алды. Негізі өте көп, біз білмей қалып жатқаны қаншама!? Мемлекеттен бөлінген қаржы талан-таражға кетіп жатыр. Қорғанысымыз бізді шынында қорғай алады ма?

Қорғаныс министрлігінде жылда парамен мықты азаматтар жаламен ұсталып қамауда жатыр. Себебі қорғаныс жүйесін сауып, сорып отырғандар өте көп. Бәрі жан- жақтан тендер алу үшін көке – жәкелерін арқылы, сарбаздарға, техникаға бөлінетін қаржыларды өз қалталарына салып отырады. "Бұл ақпаратты қайдан білесің?"- деп сұрарсыздар. Бас Прокуратураға барғанда көптеген офицерлердің әйелдерін көрем, жылап жүрген. Қаншама мықты ел қорғайтын азаматтар жаламен қамалып кетіп отыр. Ал қаншамасы осындай жаттығу кезінде өліп кетіп жатыр. Себебі, техника шіріген. Айта берсем жыры көп, бірақ апталдай азаматтарымызды жоқтамау мүмкін емес!
Бүгін бүкіл қазақ үшін қаралы күн!" - деп жазады Айгүл Орынбек.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір