• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:42:45
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2019

"Әбдіжаппар Әлқожа, халық алдында кешірім сұра..." - заңгер

Әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің "Қожа" руына қатысты айтқан сөзіне байланысты өз пікірін білдірді

Елімізге белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әнші Әбдіжаппар Әлқожаның үстінен қылмыстық іс қозғалуын талап етуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің "Қожа" руына қатысты айтқан сөзіне байланысты өз пікірін білдірді.

"Ұлттың Қауіпсіздік қызметі қайда қарап отыр?
Мына әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалсын!
ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бабымен жазалансын!

Сонда Қазақтың елінде, жерінде тұрып біз оларды бұзып жатырмыз ба?
Сонда Қазақтың қаны таза емес бұзылған деп айып тағып отыр ма?
Сонда Қазақтың қыздары бұзылған ба?
Неге осындай ел алдында жүрген жұлдызсымақтар ауыздарына байқап сөйлемейді?! 
Біз Араб еліне барып бұзған жоқпыз, өздері дуана сияқты қаңғып келіп, қазақтар кеңпейіл жайлы болған соң осында қалып қойды! Олай руға бөліп, бізді менсінбей қарауды тоқтатыңдар!
Сосын қазақты әркім басынып бітті ғой! Шаршатты осылай жоғарыдан менсінбей қарайтындар! Ауыздарыңа байқап сөйлеңдер!
"Әрбір қазақ жалғызым"-деген Сабыр Адайдың ұлы сөзін ұмытпаңдар!
Әбдіжаппар Әлқожа, халық алдында кешірім сұра, әйтпесе заң алдында осы сөздерің үшін жауап бересің!" - деп жазады Айгүл Орынбек.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әнші Әбдіжаппар Әлқожа "31" арнаның "Өнер мен өмір" бағдарламасында қожалар жайлы ел арасында айтыла бермейтін жайттарды атап берген болатын. 

"Қазір қожалардың көп жігіттері қарадан қыз алып жатыр. Бірақ, менің ағаларымның бәрі қожадан қыз алған. Біздің әулетте тек Роза әпкем ғана албан жігітіне тұрмысқа шықты. Қалған екі әпкем қожаға тұрмысқа шықты. Түбі арабтан шыққаннан кейін ишан деген нәрсе, үлкен сопылардан кейінгі мұсылманның дәрежесі. Ілімнің, білімнің дәрежесі. Ишандар тек қожалардан шығады. Сопылар да сондай. Қазақтан шыққанды молда деп айтады. Пір Бекет бар қазақтан шыққан. Қалғанының бәрі қожадан шыққан. Арыстан баб пен шәкірті Қожа Ахмет Иассауи де қожадан шыққан. Ишандар бір құран мен сүрені айтқанда, жынын суырып алатын болған. Ондайлар қазір жоқ. Соның азайып кетуі. Аталарымыз үш жүзден, қазақтан алып қойды. Сөйтіп қан бұзылды. Егер қазақтан араласқан болса, олардан ишан шығу қиын", - деген әнші халықтың сынына ұшыраған болатын.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір