• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:23:27
Алматы
+12°

02 Сәуір, 2019 Фото-баян

Өз өмірін толықтай өзгертіп, бірден басқа арнаға бұрудан қорықпайтын адамдардың батылдығы қашан да өзгелерге үлгі болады. Мұндай қадамға бару үшін үлкен сенім мен батырлық қажет. Қытайлық Мими Чой есімді әйелді дәл осы жандардың қатарына жатқызуға әбден болады.

Мими Чой мектепте қарапайым мұғалім болым жұмыс істеп жүреді. Кейіннен 28 жасында өз қалауымен айналысып жүрмегенін білгеннен соң ол өзінің жүрегі қалаған салаға бет бұруды ойлайды. Солай визажист курсына жазылып, өзінің шеберлігін шыңдайды. Достары мен таныстарының көмегі арқылы ол көзді алдайтын керемет туындылар жасауды үйренеді.

Ең қызығы, Мими Чойдың суреткерлік білімі болмаған. Тек өз ісіне деген махаббат пен табандылықтың арқасында ол мұндай нәтиже көрсете білді. Оның таланты елеусіз қалмай, әлеуметтік желідегі парақшасында жазылушылардың саны күрт өсіп, түрлі ауқымды компаниялардан ұсыныстар келіп түскен. Бүгінде ол әлемдік деңгейдегі визажист, алпауыт компаниялармен серіктес болып жұмыс істейді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға Finedays сайтында жарық көрген қытайлық визажистің адам сенгісіз ғажайып туындыларын ұсынады.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

17

18

19

21

22

23

25

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір